100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де биылғы жылдан бастап студенттерді латын әліпбиіне оқыта бастады

ҚарМУ-нің кейбір факультеттерінің студенттері биылғы оқу жылынан бастап латын әліпбиін оқи бастады. Ол туралы бүгін тіл саясаты, латын әліпбиіне және үш тілділікке көшу иақырыбына арналған аймақтық байланыс қызметінің брифингі барысында мәлім болды.
- 201-2018 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік университетінде химия, филология, философия, психология, тарих факультеттерінде латын әліпбиі оқытыла бастады. Бұл курстар аптасына бір рет өтеді, студенттерге А. С. Әділова, М. А.Тұрсынова, З. Н.Жуынтаева, сондай-ақ Е.М. Антонова секілді ғалымдар, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар дәріс береді. Оқу барысында студенттер ерте кезеңдердегі қазақ әліпбиімен, сонымен қатар 1929-40 жылдарды Қазақстанда қолданылған латын жазбасы үлгілерімен танысады, - деді Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Гүлнәрайым Қаңтарбекова.
2017-ші жылдың соңына дейін біздің елімізде қазақ тілінің бірыңғай латын әліпбиі қабылданады деп жоспарлануда. 23-ші маусымда Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру бізді одан да бетер біріктіреді. Мен өзімнің жолдауымда 2025-ші жылға дейін мерзім қойдым. Бірақ, меніңше бұл процессті созудың қажеті жоқ» деген еді.
 

Вернуться к списку новостей

Қарағандыда болашақ құтқарушыны ерлігі үшін марапаттады 20 Қазан 23:26
Ертең облыстық онкодиспансерде ашық есік күні өтеді 20 Қазан 19:11
Қарағанды облысында 23-ші қазанда электр сиреналар дабыл қағатын болады 20 Қазан 18:04
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»