100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 85 жыл толды

 Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы өзінің 85 жылдығын атап өтті.

Мерейтойға орай музейде «XXI ғасырдың музейі: музейлердің дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар және перспективалар» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Және де «Сарыарқанының тарихи-мәдени құндылықтары» атты ғылыми каталог пен «Тарих және музей» атты монографияның тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

- Біз мерейтойға орай түрлі уақыттарда бізге дейінгі қызметкерлер жүргізген зерттеулерді біріктіріп, ғылыми жинақ даярладық. Мына монография Қарағанды облысының мұражай ісі, өңір тарихы туралы. Сондай-ақ ішіне 300-ден аса бағалы жәдігерлеріміз енген ғылыми каталогты басып шығардық,-дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов.

Мерейтой құрметіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Қазақстанның түрлі аймақтарынан музей мамандары, ғалымдар мен мәдени-ғылыми орталық өкілдері шақырылды.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының үздік қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында аудиогидтің тұсаукесері өтті.

- Аудиогид – бұл түрлі тілдерде жазылған экскурсия, оны жәдігер нөмірі арқылы тыңдауға болады. Біз аудиогидтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындадық. Бұл жұмыстарға шамамен бір жылдай уақыт кетті. Жалпы Қазақстанда аудиогидтар бір жарым жыл бұрын пайда болды. Біз бұл құрылғыларды өзімізде жинаймыз, жабдықтарды Қытайдан әкелеміз. Бағдарламалық қамсыздандыруды өзіміз жазамыз,- дейді «Нұрлы Ғалам» ЖШС өкілі Нұрлан Гарафиев.

«Нұрлы Ғалам» ЖШС дайынаған аудиогидтер бүгінде Қазақстанның үш қаласында – Астана, Қарағанды және Павлодарда бар. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында таныстырылған аудиогидқа жеті тілде 350 файл жүктелуі мүмкін. Мұражайға келушіге билет сатып алғанда құрылғы беріледі. Ол тыңдайтын тілі мен жәдігер нөмірін енгізіп, экскурсияны тыңдай алады.
Компания Қарағанды облысы үшін барлығы осындай 160 аудиогид әзірлеген. Олардың 40-ы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына арналған. Қалғандарын Жезқазған, Балқаш, Қарқаралы мұражайлары, Облыстық бейнелеу өнері мұражайы, Теміртаудағы Тұңғыш президент мұражайы мен Долинкадағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы өзара бөлісті.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі 1932 жылы 7-ші қарашада құрылды. Музей қорында 150 мыңнан астам жәдігер сақталуда. Музейде ерекше екі зал жұмыс істейді: «Бабалар бейнелері» компьютерлік анимация залы бірегей болып саналады. 2011 жылы Қарқаралы ауданындағы Талды-2 қорымын зерттеу нәтижесінде табылған археологиялық жәдігерлер негізінде жаңа экспозиция «Сақ мәдениеті» залы ашылды.

 

Вернуться к списку новостей

Қарағандылық Нұржан Сейдуәлі джиу-джитсу бойынша Әлем Чемпионы атанды 05 Желтоқсан 22:04
Қарағандыда жастар жобаларының аймақтық форумы өтті 05 Желтоқсан 22:03
Қарағандыда Бекмұхаммед Киікбаевтың шығармашылық кеші өтеді 05 Желтоқсан 16:46
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»