100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Жергілікті әкімдіктер бірінші жарты жылдықта жағымды бизнес-аймақ құруы бойынша бағаланады

Қарағанды облысында алғаш рет бизнесті тиімді жүргізу бойынша аймақтық рейтинг жасалды. Бастапқы нәтижелер бірінші жарты жылдық қорытынды бойынша анықталады.

-Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының бастамасымен, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы аясында елімізде бизнесті тиімді жүргізу бойынша Рейтинг жасалды. Егер былтырғы жылы республикалық рейтингке тек 8 қаламыз енсе, биылғы жылдан бастап рейтинг екі номинация бойынша еліміздің 16 өңірі, 214 қалалары мен аудандары арасында анықталады,-деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. – Бизнес-аймақ үшін жағымды жағдай жасау – бір күндік жұмыс емес, бұл кәсіпкерлермен өзара байланыс орнатудың барлық бағыттары бойынша тұрақты жұмыс. Менің тапсырмаммен аумақішілік рейтинг жасалды, ол жағдайды бақылап, қажетті шараларды уақтылы қабылдауға көмектеседі.

Өңірлік рейтингтің міндеті - аймақтың мықты және әлсіз жақтарын анықтау, жәнеде бизнесті жүргізу үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы мекемелер қызметін бағалау.

Бағалау өлшемдері туралы толығырақ Кәсіпкерлер басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева баяндады.
-Облыстық рейтингке шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштеріне қатысты 9 индикатор енгізілді. Мұнда статистикалық мәліметтермен қоса, Кәсіпкерлер палатасының да мәліметтері енеді. Тек қана сандық факторлар емес, сондай-ақ сапалық: мысалға, бизнес үшін ақпараттық қолжетімділігі, жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті қолдау, жер аукциондарын өткізу және т.б. есепке алынады.
Кәсіпкерлер арасында сауалнамаларды тәуелсіз сарапшылар өткізеді.

- Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша бизнесті тиімді жүргізу көрсеткіштері бойынша әр әкімнен жеке сұраймын. Сонан соң қорытындылар шығаратын боламыз, - деп ескертті Ерлан Қошанов. – Барлығымыз мықты және әлсіз жақтарымызды көрдік.

Облыс әкімі барлық қалалар мен аудандар бойынша бос жер телімдері Картасы және бос ғимараттарды анықтау бойынша жұмыстарды белсендетуді тапсырды.


 

Вернуться к списку новостей

Қарағанды облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды 23 Мамыр 15:36
Қарағандыда Славян жазбасы және мәдениеті күніне арналған концерт өтеді 23 Мамыр 15:05
Қарағанды облысында «заңсыз қазбашылармен» күрес жүргізіледі 23 Мамыр 14:57
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»