100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БІЛІМНЕН ЕМЕС МІНЕЗДЕН

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы мемлекет қайраткерлерінің ішінен Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның тұлғасы ерекше. Әлихан Нұрмұхамедұлының өмірі мен қызметі қазақ тарихының сол бір зобалаң, қуғын-сүргін ауыр жағдайында өтті.
Әлихан Бөкейхан даланың интеллектуалдық тұрғыдан әзірлігі мол негізгі тобын соңынан ілестірген, қазақ интеллигенциясының көш басшысы, саяси көсемі, бір басында сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей тұлға, қазақ халқы үшін орасан еңбек сіңірді. Халықтың тәуелсіздігі және жарқын болашағы үшін барлық саналы өмірін сарп етті. Қазақ халқының қоғамдық ой санасын биік белеске көтерген ірі қайраткер. Бар ғұмырын ұлтының кемел келешегіне арнап, «Жаным-арымның садағасы» деп бел шешіп күрескен ол, сол жолда бойындағы күш-қайраты мен ақыл-ойын, білім-парасатын аянбаған ақылман азамат, кесек тұлға.
Әлихан Бөкейханның мақсатына келсек, жеке ұлттық мемлекет құру өзінің жекелеген атрибуттарымен, өзін-өзі басқару, автономия құру, жеке кәсіпқой парламенті әрі мемлекеттік аппараты тағы бар.
Мысалға, Елбасы ұсынған Ұлт жоспары бағдарламасында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесіне айрықша маңыз берілген. Сондықтан, алғашқы 15 қадам кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесіне арналғаны белгілі. Елімізде мемлекетті басқаруды дамыту үшін кәсіптілік қажет. Кәсіби мемлекеттік аппаратты қайта құрудың негізін қалаушы элементтерінің бірі, ол мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне ауысу.
Осы мансап ұғымын, арамызда дұрыс түсінбей, теріс пиғылда шынымен жеке мүддесіне пайда қылып жүргендер де бар. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – «халық» делінген. Ал сол биліктің басында мансабын қуып, пайдағылып, халқына шынымен қызмет қылмай жүргендер қаншама.
Ендеше, қазіргі заманның мемлекеттік қызметшілері яки мемлекеттік аппарат қаншалықты халыққа өз деңгейінде қызмет атқарып отырғандығы тұрғысында ой толғап көрсек.
Мысалы, Әлихан Бөкейхан өз заманында, келмеске кеткен кеңес дәуірінің сермеген қылышынан қан тамған саясатымен күресе жүріп, халқына қызмет қылудан жалыққан емес. Керісінше, «Халқына қызмет көрсету – білімнен емес мінезден» - деп, соңынан ергендерге жол сілтеді, қол бұлғады.
Қазір ше, қазір заман басқа, заман емес адам басқа. Қазір мемлекеттік қызметке алғаш келген қызметші, мемлекетке не берем, қандай пайдамды тигізем деп келмейді, көбіне. Мемлекеттік қызмет маған не береді? Жеке басымның мүддесі үшін жан пида деп келетіні өкінішті.
Бұған дәлел, жеке бастың мүддесі үшін сыбайластыққа барып, қызметін асыра пайдаланып, соңында, істі болып, қылмысы әшкерелініп жатқандар қаншама. «Ұрлық түбі - қорлық» - деген осы емес па, қазақтың ешқандай дәлелді қажет етпейтін дала философиясы.
Осы заманның мемлекеттік қызметшілері қандай? Мемлекет атынан көрсетілетін қызметтерді қаншалықты сапалы көрсетіп жүр деген сауалдарға жауап іздеп, қарапайым статистикаға жүгінейік.
2017 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша облыстың 78 мемлекеттік мекемесі мен ұйымдарына тексеру шаралары жүргізілді.
Аталмыш тексеру шараларының барысында 124 мыңнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталды.
Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша 81 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты әрі басшы лауазым иелері әр түрлі тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Оның ішінде, 6 мемлекеттік қызметші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабын, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (рұқсат құжаттар) мерзімдерін бұзғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл орайда, бұзушылықтардың 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы едәуір азайғандығын байқауға болады. Мысалы, 2016 жылы Департаментпен аталған салада заңнама талаптарының 395 мыңнан астам бұзылу фактілері анықталып, 124 лауазым иелері әр түрлі тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған, яғни бұзушылықтар 69%, тәртіптік
және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылғандар 35% кеміп отыр.
Демек, облыстағы мемлекеттік көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы соншалықты мәз емес. Алайда, бұзушылықтардың жылдан жылға азаю динамикасы көңілге қонымды жайт.
Мемлекеттік аппараттың кәсіби болуы, жұмыс тиімділігімен сапасының артуы, мемлекеттік қызмет көрсетіп отырған әр қызметшіге тікелей байланысты. Себебі, мемлекет атынан көрсетілген әр қызметтің сапасына қарап, қызмет алушылар жалпы мемлекеттік аппараттың кәсібилілігіне баға береді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты делінген.
Ендеше, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін де, бәсекелестік қажет. Бәсекелестік болған жерде прогресс болады. Мемлекеттік қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсетуді шын ниетімен қалап, бар пейілімен, жарқын жүзділігімен шынайы көрсету керек. Осы орайда, Біздің Шығыстағы көршілеріміздің ата-бабаларының «Жүзінде күлкі ізі жоқ адамның сауда дүкенін ашуға құқығы жоқ» деген сөзі ойға келеді.
Сөз соңында айтарым, әр мемлекеттік қызметші 1925 жылы Қ.Кеменгерұлының Әлихан Бөкейханға берген бағасына лайықты болса игі. «Жүрегі бала, иманы таза, шыншыл, сенімшіл дариядай білімді Әлихан ғажайып ғұлама».

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы
ЖАНДОС ШЕРАЛЫҰЛЫ СӘРСЕНОВ

 

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Биыл «АрселорМиттал Теміртау» шахталарында қауіпсіздік жүйесінің жаңа тәсілі енгізілмек 16 Наурыз 13:22
Қарағандылықтарды симфониялық оркестрдің концертіне шақырады 16 Наурыз 13:14
Нұра ауданында елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін тосқауылдар қойылды 16 Наурыз 11:31
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»