100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ЕЛГЕ ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ҮШІН

Президент күні қарсаңында өз қызметтік міндетін атқаруда адалдық танытып, қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын қорғау жолында қажырлы еңбек етіп жүрген сақшыларымыз марапатталды.

Ерлік пен қаһармандықтың, намыс пен қызметтік парыздың асқақ бейнесін көрсетіп жүрген ішкі істер саласы қызметкерлерінің біздің қоғамда алар орны қашанда биік әрі мәртебелі. Қоғамдағы тәртіп, азаматтардың тыныштығын, біздің өміріміздің қауіпсіздігін сақтау жолында қырағылық танытып жүрген ішкі істер саласының қатарында өжеттілігі мен табандылығы, ел алдындағы борышына адал мамандар жетерлік.

Мереке қарсаңында өткізілген салтанатты шарада адалдық пен әділеттілікті паш етер форма киген аға-әпкелеріміз елім-жерім деп соққан жүректеріне қолдарын қойып Әнұранымызды шырқады. Өздеріне жүктелеген абыройлы міндетті асқан жауапкершілікпен орындап жүрген сақшыларымызды марапаттамас бұрын сөз алған полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мадияр Менисов:

- Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Н.Назарбаев - барлық қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Осы атаулы мейрамда мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеуді, әрбір қазақстандыққа мол табыс, бақыт пен дәулет тілеймін,- деген құттықтау тілегін арнады.

Бұл күні қызметтік міндетін абыроймен атқарып, осы салаға саналы ғұмырын арнаған Дәулет Қабыкенұлы Мажитов ағамызды құрметті зейнет демалысына салтанатпен шығарып салған әріптестері ерен еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен қажымас қайрат тілей отырып, ұжым атынан Құрмет грамотасын, гүл шоқтары мен сыйлық табыстап, әріптестері Е.Пугонен мен Ж.Тлеубаев ізгі тілектерін арнады.

Өздерінің өнегелі тәжірибесі мен жастарымызға үлгі болып жүрген ішкі істер саласының ардагерлерінен құралған аға буын өкілдері - Серғазы Искаков, Қайрат Сарсенов, Сергей Личманға “Ерен еңбектері үшін“ медальдары табысталды. Аға буын өкілдерінен қызмет барысында, да өмірлік тәжірибеде де өнегелі тәрбие алып жүрген жас сақшыларымыз Архат Көлбаев, Сұлтан Әміржанов, Асан Адамбеков, Аян Ермекбаев, Үмітбай Темірлан, Болатбек Тұрсынбек алғыс хатпен марапатталды. 

«Мінсіз қызметі үшін» І дәрежелі медальмен Мадияр Менисов, Жасұлан Шаймерденов, Александр Неб, ІІ дәрежелі медальмен Асқар Баспаков, Вадим Светличный, Әлия Кабжанова, Бақсұлтан Бейсенов, Асхат Сейтпеков, Жасұлан Тлеубаев, Саят Жариков, Тлектес Маханов, Қуандық Жакенов, ІІІ дәрежелі медальмен Асхат Бакишев, Виктория Канина, Руслан Бахраев, Марғұлан Абдикаримов, Азамат Арыстанбеков, Елхан Смаилов, Асанәли Ақпанбаев, Айгерім Смаилова, Ерлан Жанашев, Жібек Жанибекова, Нұрбол Сүлейменов, Медет Отыншин, Сәкен Бисмильдин, Ербол Қыздарбеков, Арман Секишев, Дмитрий Абермет марапатталды.

Жылжымалы «Зерде» бейнемобилінің «Самал» тобы мен Саян Мұхамедқали кешті әуезді әндерімен әрлесе, өз ісін, өз мамандығын, әріптестерін екінші отбасым деп білетін сақшылардың жанұясы бір-бірін ду қол шапалақпен қолдап отырды. 

Жылдар бойы атқарған қызметінің жемісін көретін уақыт келіп, құрметті зейнет демалысына шыққан Д.Мажитов қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл салаға риза екендігін жеткізді.

Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Берік Көпбаев марапаттауға ие болған барша қызметкерлерді құттықтап, ізгі тілегін арнады. Мереке болсын, мейрам болсын біздің тыныштығымыз үшін жан аямай қызмет етіп жүрген ішкі істер саласының қызметкерлері мерекелік бағдарлама аяқталысымен өз жұмыстарына қайта кірісті.

Б.Жакешова

Д.Торжановтың суреттері

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Тәттімбет атындағы оркестр 26 қыркүйек күні жаңа концерттік маусымын ашады 13 Қыркүйек 12:19
Қарағанды облысында бизнес скринингі өткізілуде 13 Қыркүйек 11:50
Балқаш қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды 13 Қыркүйек 10:57
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»