100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Кентімізде рейд жүргізілді

Желтоқсан айының 6-сы күні ауданымыздың Бұқар жырау көшесінде мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен жергілікті жол полициясы қызметкерлері бірлесіп рейд ұйымдастырды. Өткізілген шара бойынша кентімізде заңсыз жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысып жүрген азаматтар тексерілді.

Жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысатын ұжымдар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиесілі салықты төлеп, толықтай заң аясында қызмет етуі керек. Десек те бұл кәсіппен айналысатын азаматтардың кейбірі кірістер басқармасында тіркелместен қызмет етуде.

- Өткізілген шарада мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелмей, кассалық-бақылау аппаратын пайдаланбастан қызметін жүзеге асырған тұлғалар тексерістен өтті, - дейді мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасары Саят Сайлаубеков.

Кірістер басқармасының қызметкерлері жүргізушілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барлығын заңды тұрғыда тіркеу - алаңсыз жұмыс жасаудың кепілі екендігін жеткізді.

 

Б.Жакешова

Д.Торжановтың суреті

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

«Сарыарқа» газ құбыры: Облысымызда көгілдір отынды бірінші кезекте кімдер алады 10 Қыркүйек 18:12
5000-нан астам қарағандылық латын қарпімен диктант жазды 10 Қыркүйек 17:13
Қарағанды автовокзалы ел ішіндегі сапарлардың бағасын төмендетті және жаңа бағытты іске қосты 10 Қыркүйек 14:01
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»