100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күні. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.   Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Осы мерекенің құрметіне Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Сахна шымылдығы «Бабалар аңсаған  азат күн» атты тетрландырылған қойылыммен ашылып, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың байтақ елімізге сіңірген еңбектері айшықталып, егемендігіміздің қалай келгені туралы көрсетіліп болған соң, «Эдельвейс» үлгілі хореографиялық ансамблінің қазақтың ұлттық биіне ұласып, Гимн шырқалды.  

Аудан әкімі Ш.Мамалинов құттықтау сөз сөйлеп, аудан жұртшылығын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Аудан әкімі Ш.Мамалинов пен мәслихат хатшысы А.Әли «Бұқар жырау  ауданының құрметті азаматы» атағына лайықты жандарды салтанатты түрде марапаттады. Бұл атаққа Ростовка ауылының тумасы, Бұқар жырау ауданында Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін барлық жаңартуларды, озық технологияларды енгізудегі белсенді қызметі, қоғамдық қызметтегі жетістіктеріне  үлесі үшін Тілеубай Көкірұлы Кусаинов және ауданымызда    өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыруға, мәдениетті, әдебиетті, өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін  Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы лайық болып танылды.

Бұл күні марапатқа ие болған жандардың барлығы өз ісінің білгір мамандары. Тәуелсіз елімізге сіңіріп жатқан еңбектері ұшан-теңіз.

Сән мен салтанаты жарасқан мерекелік шара аудан көркемөнерпаздары мен Қарағанды қаласынан келген «AWA entertainment» шығармашылық орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Ж.Мақышев

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»