100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Тоғызқұдық ауылдық округі бойынша 2020 ж 2 айында ауылда әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша міндеттер туралы ақпараттық есебі

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған»

Округ бойынша жеке кәсіпкерлердің саны – 5. Кәсіпкерлік объектілермен жұмыс аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Жеке кәсіпкерлермен азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу бойынша меморандумға қол қойылған.  Аудандық кәсіпкерлік бөліміне әр аптаның сәрсенбі күні азық-түлік бағасының мониторингі ұсынылып тұрады.

         Ауыл шаруашылық. Округ бойынша «Алға қадам» АШӨК, жеке табындарға жалға асыл тұқымды 24 бас бұқа алу жоспарлануда. Шаруа қожалықтарының басшыларымен арнайы ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылық 960,46 га көлемінде  жер учаскелері,  оның ішінде 562,46 га жайылым және 398 га егістік  пайдаланбады, сол себептен аталған жер учаскелері ауылдық жергілікті қоғамдастық кеңесінің шешімімен аукционға қоюға жіберілді.

2020 жылы барлығы  7300  га егін салынады, оның ішінде, 5367 га бидай, 1933 га арпа отырғызылады, 320 га  бір жылдық шөп салу жоспарлануда.

Ауыл тұрғындары  мал шаруашылығын өсіру үшін несие алу мақсатында  «Бастау Бизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 15 адам аудандық кәсіпкерлік палатасына оқуға тіркелді.

            Әлеуметтік блок

            Білім

Округ бойынша 1 орта және 1 негізгі мектеп жұмыс атқарады. Жалпы оқушылар саны - 213, барлығы 56 мұғалім қызмет етеді.  Мектептерде кадр мәселесі шешілген. Қазандықтар толық режимде жұмыс істеп тұр. Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебінде, Тасшоқы негізгі мектебінде   орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді.

Округ бойынша 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі оқу - тәрбиемен жалпы 50 бала қамтылған. Шағын орталықтар тәрбиешілермен және оқу-тәрбие үрдісіне қажетті   құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық кездесулер өткізіледі. Аудандық жарыстарға және форумдарға ауыл жастары белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

Әлеуметтік көмек.

Округ бойынша  3  аз қамтылған отбасы АӘК –ке құжаттарын тапсырды. Ақпан айынан бастап екі отбасына әлеуметтік пакеттер берілді. 2 отбасыға әлеуметтік материалдық көмекке құжаттар тапсырылды.

Округте мүгедектер саны – 62, соғыс жылдарындағы қиындықтарды еңсерген тыл еңбеккерлері – 4, жауынгер-интернационалист – 1 адам.

Спорт

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру және шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын  және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын іске асыру шеңберінде.

Кузнецкий ЖББОМ-де спорт залы бар, спорттық іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады.

Аудандық спорттық іс шараларға округтің жастары футболдан, үстел тенисінен, ауыл қарттары шахмат, дойбы жарыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

         Электрмен жабдықтау.

          Округ бойынша бүгінгі күнге коммуналдық  қызметтер төлемі 100 пайызды құрайды. Ауыл тұрғындары коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеп тұрады. Округте 71 жарық көзі бар. «Тоғызқұдық ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-нің  коммуналдық  меншігінде 2  КТП.  Құжаттары бар. КТП -25 1- ВА – учетный квартал 0,24, участок  705, кадастровый номер 09-140-024-704, КТП -25 1-ВА- учетный квартал 0,24, участок  705, кадастровый номер 09-140-024-705

         Жол инфрақұрылымы.

Ауылдық округте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету,  қысқы жолдарды ұстау, су тасқынын алдын алу шараларына барлығы 700 мың теңге бөлінді. ЖК «Чубаев» басшысы Ш. Чубаевпен келісім-шарт жасалды. Ауылдың ішкі жолдарын қардан тазалады.

Алдағы өткізілетін су тасқынын алдын алу шараларына бюджеттен қосымша 1,5 млн тг. көлемінде қаражатқа тапсырыс берілді. 

        Тұрғын үй құрылысы.

2017-2021 жылдарға  «Нұрлы жер» үкіметтік бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде.

Округте тұрғын үй - 289 , тұрғын үйдің жалпы көлемі 17058 кв.м, көп қабатты үй жоқ. Екі пәтерлі екі үй иесіз, коммуналдық меншікке беруге құжаттары  жинастырылуда. Округ бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын кезегіне 7 адам  тіркелген, оның ішінде, 1 көп балалы отбасы, 6 халықтың осал тобынан.      

       Жылумен жабдықтау.

2020 жылға дейін өңірлерді дамытудың үкіметтік бағдарламасы мен мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында.

2019-2020ж округтегі барлық объектілер от жағу мерзімін ақаусыз өткізуде. Күнделікті жылуға мониторинг жүргізіліп тұрады.

       Абаттандыру.

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында. Округ бойынша объектілердің, жеке тұрғын үйлердің маңындағы қарлар тазаланып жатыр. Әкімшілік мамандары ауыл тұрғындарына тазалық жасау жөнінде ескертпе қағаздарын таратты.

Ауыл әкімі мен учаскелік полиция инспекторы ауылдың қардан тазалануын қадағалауда.

Мемлекеттік және коммерциялық қызметтер көрсету орталықтарын құру және дамыту.     

Округте пошта қызметі бұрынғыға қарағанда қазір қарқынды жұмыс жасауда, себебі поштаға спутникті антена орнатылған, барлық төлемақылар мен басқа да қызметтер «колвер» жүйесі арқылы көрсетіледі, газет - журналдар сонымен қоса  халықтың еңбекақысы, зейнетақысы уақытында таратылып беріліп тұрады.    

«Ақпараттық Қазақстан 2020» бағдарламасы шеңберінде.

Әкім аппаратының ғимаратында «EGOV» баннері орнатылған,  халыққа қызмет көрсету аймағы  бар, компьютер, принтер қойылған интернетке қосылған бірақ жылдамдығы өте аз, сонымен қатар көрнекі ақпарат құралдар қойылған. Мектеп  пен ветеринарлық пунктте интернет қосылған. 2020 жылға жаңа баннерге тапсырыс берілді.

 Денсаулық сақтау

Тоғызқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды, арнайы автокөлігі бар,  жалпы 5  маман  халыққа қызмет көрсетеді. Тасшоқы ауылында бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау үнемі жүргізіліп отырады. Әлеуметтік маңызды аурулардан халықтың ауру-сырқау және өлім-жітімін азайту мақсатында, мақсатты топтарға жататын адамдартегін медициналық скринингтік тексеруден өткізілді. 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында 4 бала дүниеге келді, 4 адам қайтыс болды. Қант ауруы, бронх демікпесі, жүрек-қан тамырлары ауруларымен  ауыратын есепте тұрған ауруларға тегін дәрі-дәрмек беріліп тұрады.

Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары өткізіліп жатыр, ауыл тұрғындарын Ватцап, Фейсбук желілері арқылы ақпараттандырып тұрады.

Ақпан айында 2 зейнеткер (Арыстанбеков Б., Жунусова Ж.) Қарағанды қаласындағы ардагерлер үйіне барып денсаулықтарын оңалтып қайтты. 

Мәдениет.

Мәдени-ағарту ошақтарынан округте 1 мәдениет үйі,  1 модельді  кітапхана бар.

2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында барлығы 9 іс-шара өткізілді.

«Ескі жаңа жыл» атты мерекелік концерт, «Абайдың 175 жылдығына» дөңгелек үстел, «Ауғаныстан мәңгі есімізде» еске алу кеші, «Алғыс айту» күніне дөңгелек үстел, ауыл жастарына, жасөсіпірімдерге арналған «Еріктілер» тақырыбында ақпараттық сағаттар өткізілді.  «Масленница» мерекесіне дайындаған қойылымды аудандық сахнада көрсетіп, ақшалай сыйақы алды. 

Мәдениет үйінің қызметкерлері 2016-2019 жылдарға арналған Діни экстремизм  мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын өз жоспарларына енгізіп жұмыс жасайды. Қаңтар-ақпан айларында «мен терроризм қазіргі әлемнің проблемасы», «Діни экстремизмнің алдын алу және толеранттылық, конфессияаралық және этносаралық келісім» атты 2 ақпараттық сағат өткізілді.

Әлеуметтік қорғау.

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың» үкіметтік бағдарламаларын және «Бизнестің жол картасы 2020» жүзеге асыру шеңберінде.

        Мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Округте экономикалық белсенді халық саны - 594, тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 498. Өз тарапынан жұмыс істейтіндер - 101 адам.

Ағымдағы жылы аталмыш мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға 2 адам жіберу жоспарда. Екінші бағытта «Бастау Бизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 15 адам аудандық кәсіпкерлік палатасына оқуға тіркелді. Үшінші бағыт бойынша жастар тәжірибиесінен өтуге маусым айында адам алу жоспарда. Жыл басынан бері  4 адам тұрақты және маусымды жұмыспен қамтамасыз етілді.

2 ай ішінде жеке тұлғалардан 6 өтініш түсті, барлығы уақытылы қаралып жауап берілді.

2020 жылға араналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарды іске асыру бойынша бірлескен  жоспары әзірленген.

          «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» бағдарламасы бойынша. Діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын алдын алу  2 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Тұрғындар арасында ауыл имамының қатысуымен  кездесулер өткізіліп тұрады. ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша алты  кездесу өткізілді.

Қаңтар-ақпан айларында «мен терроризм қазіргі әлемнің проблемасы», «Діни экстремизмнің алдын алу және толеранттылық, конфессияаралық және этносаралық келісім» атты 2 ақпараттық сағат өткізілді.

 

 

 

Тоғызқұдық ауылдық

округі әкімінің м.а.:                                   В. Толеутаева

 

 

 

Орынд.: А. Тлеубаева

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»