100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Бұқар жырау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 айына халық алдында әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын орындауы және тұрғындардын әлауқатын жақсарту бойынша атқарылған есебі.

Бұқар жырау ауылдық округінде барлығы 464 адамды құрайды, оның ішінде Бұқар жырау ауылында 192 адам, Семізбұғыда ауылында 104 адам, Шалқар ауылында 168 адам. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 261 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 186 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 72 адам, жұмыссыз 3 адам. Аулалар саны 95 үй.

  1. Әлеуметтік сұрақтар бойынша:

         Ауылдық округ бойынша АӘК алатындар 2 жанұя оның ішінде 10 адам бар, олар Ниязбекова Ж. Бұқар жырау ауылынан, Досмагамбетова Н. Шалқар ауылынан. Азық-түлік пакетін 6 жасқа дейін Ниязбеков А. алады. Қосымша АӘК алатындарға әлеуметтік көмек берілді. 42500 теңге алу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі танда тұрғындармен өзің-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз тұрғындар бірыңғай жиынтық төлем жасалып «егов», «караганда42500бот» арқылы өтінім беруде. Ауылдық округтің мүгедектеріне карантин уақытына 2 АЕК көлемінде төлем төленді.

          Ауылдық округтің Бұқар жырау ауылында екі дүкен қызмет көрсетуде. «Айтуған», «Елсұлтан» дүкендері азық-түлік сатуда. Бүгінгі танда азық – түлік қоры таусылуға жақын. Әкім аппаратымен ауылдық округ аумағына азық-түлік сатумен және тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді жіберу бойынша тиісті келісімдер жүргізілуде.

           Ауылдық округі аумағында коронавирус пандемиясыны қарсы сақтық шаралары Бұқар жырау ауданының бас мемлекеттік санитарының қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда. Мемлекеттік мекемелерде кіреберістерде кіру бекеті антисептиктармен жабдықталған. Сонымен қатар мектептер қашықтықтан, интернет жүйесі болмағандықтан курьер арқылы оқыту жүргізілуде. Әкім аппаратымен тұрғындарға қол қойылу арқылы ескерту қағаздары таратылды. Мекемелерде қызметкерлер маскамен жабдықталған. Және мекемелерде ескерту қағаздары ілінген. Коронавирус пандемиясына қарсы сақтық шаралар барынша тиісті жолмен жүруде.

           Бюджеттік қаражатты игеру бойынша:

2020 жылға 12 935,0 мың теңге қаражат бөлінді.

001 бағдарламасы бойынша «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 12 935,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:

015 ішкі бағдарлама «Жергілікті бюджет есебінен»: 

001 бағдарлама бойынша: Игерілгені: қаңтар-наурыз айына - 5863,3 мың теңге;

005 бағдарлама бойынша: бөлінгені 1144,00 мың теңге. Игерілгені қаңтар-наурыз айы 570 мың теңге;

008 бағдарлама бойынша: бөлінгені 845,0 мың теңге. Игерілгені қаңтар-наурыз айы 100,8 мың теңге;

013 бағдарлама бойынша: бөлінгені 700,0 мың теңге. Игерілгені қаңтар-наурыз айы 700,0 мың теңге;

              Бұқар жырау ауылдық округінің экономикалық дамуы

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында - «Кайнар» шаруа қожалығымен «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Ресей Федерациясынан «Қазақтың ақ басты» тұқымды 40 бас аналық малын әкеліп, мал басын асылдандыруда, Семізбұғы ауылының «Семізбұғы» жеке кәсіпкері Абдразаков А.М. Ирландия елінен 40 бас асыл тұқымды «Ангус» малын әкелді. Бүгінде ол малдар карантинде тұр.

Округ аумағында шағын және орта бизнес: жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 2, агро өнеркәсіп кооперативі - 2, фермерлік қожалықтар – 2, шаруа қожалықтар – 18, жеке кәсіпкерлер - 10.

Округ бойынша 2020 жылдың 01 қаңтар айына  мал басы:

Ірі қара 1986 бас оның ішінде сиыр 1225 бас, ұсақ мүйізді 2410 бас, жылқы 1333 бас, құстар 1494 бірлік.

  Бұқар жырау ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту

Білім беру

Округ бойынша екі мектеп (Бұқар жырау негізгі мектебі, Шалқар негізгі мектебі) жұмыс атқарып жатыр. Мектептер жоғары жылдамды интернетпен қамтылған. Мектеп ішінде су, әжетхана өткізілген.

Денсаулық сақтау

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту  бойынша» Округ аумағында медициналық пункт жұмыс атқарып онда тұрғындарға 2 адам алғашқы медициналық қызмет көрсетеді. Келісім – шарт бойынша Бұқар жырау ауылының тұрғынымен (жеке өзінің көлігі) науқастанған адамдарды аудан орталығына апару бойынша жұмыс жасайды.

Мәдениет

Округ аумағында екі мәдени ошағы бар Бұқар жырау ауылдық клубы және Шалқар ауылдық клубы. Түрлі мәдени іс-шаралар өткузілуде. Түрлі мерекелік іс-шараларды өткізуге округтің шаруа қожалықтарымен жеке кәсіпкерлері көмек көрсетуде.

Әлеуметтік сақтандыру

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» Округ бойынша зейнеткерлер саны 78 адамды құрайды, мүгедектер саны 12 адамды құрайды, оның ішінде І топтағы 4 адам, ІІ топтағы 2 адам, ІІІ топтағы 6 адам. Арнаулы әлеуметтік көмек алатындар 2 жанұя. Оның ішінде 10 адам.

Көліктік инфрақұрылым

Аудан орталығына дейін жолдың ұзындығы 87 км. құрайды. Ауылдық округ бойынша елді-мекендердің ішкі жолдары жалпы ұзындығы 9,4 км. құрайды.

Сумен қамтамасыз ету

Су құбыры Бұқар жырау және Шалқар ауылдарында бар. Бүгінгі танда су үздіксіз берілуде. Бұқар жырау ауылынын су құбырын «Ботақара Су Қожалығы» КМК қызмет көрсетілуде. Шалқар ауылының су құбыры әкім аппараты балансында.

Ауылдық округ әкім аппараты

2020 жылдын 3 айында барлығы 2 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 1, заңды тұлғалардан 1 өтініш. Барлығы уақытында қаралып тиісті жауап берілді.

  • Әкім аппаратында 1 лауазымдық бос орын ол жетекші маман орыны.

            Алдағы уақытта округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту үшін жұмыстар қалыпты деңгейде жалғастырылатын болады.

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»