100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ӨРТ ҚАУПІ КЕЗЕҢІ ЖАЛҒАСУДА

Қарағанды облысының аумағында өрт қаупі кезеңінің басынан бастап 2 мың. га аумақта 14 орман өрттері, 482 мың.га аумағында 26 дала өрттері дәне 10 мың.га аумағында 404 тұтанулар  болды.

Қазақстан Республикасы бойынша өрттерді талдау көрсетеді, ағымдағы жылы Қарағанды облысында еліміздің басқа облыстарымен салыстырғанда көп табиғи өрттері болды. Сондай ақ табиғи өрттер салдарынан қайтыс болған үш адамның ішінен екі адам біздің облыс аумағында қайтыс болған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында (телевидение бойынша сөйлеу, радио және басылымдар) орман және дала массивтерінде, сондай- ақ астық жинауды өткізуде және ірі жем-шөптерді сақтауда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша үгіт-түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Өрттердің көбеюуіне жауын-шашынсыз тұрақты ыстық ауа-райы әсерін тигізуде.

Өрттердің ауқымды аумақтарға жайылуына өрт ошақтарының пайда болуы туралы кеш хабарлау, өрт сөндіру бекеттерінің жоқтығы, ерікті өртке қарсы нысандардың нашар жұмысы әсер етеді.

Сондай- ақ космос мониторингінің мәліметтері бойынша оқиға орнына барумен  және табиғи өрттерді сөндіруге ерікті өрт сөндіру нысандарын тартумен жоғары температура (өрттер) ошақтары туралы түскен ақпаратты мерзімінде тексермеу салдарынан өрттерді сөндіруге кеш бару оқиғалары жиілеп кетті, себебі жергілікті атқарушы органдар географиялық мәліметтерді көрсетумен аумақтық тиістілікті анықтай алмайды.  

Шөптер мен ауыл шаруашылығы жерлерін жағуды өткізуде бақылаудың жоқтығынан  көбінесе орман массивіне ауысумен оттың ауқымды аумақтарға жайылуы орын алады.

2017 жылдың 3 шілдесінде Нұра ауданының Каракойн а/о Жанбобек ауылының аумағында дала өрті болған. Өрт жалпы 90000 га аумаққа тараған. Өртті алты тәулік бойы сөндірген. Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметтері бойынша, өрт салдарынан 2000 га «Коргалжын мемлекеттік табиғи қорығы»  жер учаскесі отпен оранған.  Берілген өрт ірі материялдық залал келтірген, ол жер пайдаланушының өз есебінен қалпына келтіріледі.

Табиғи өрттер мен тұтанулардың алдын алу, оларды уақытында анықтап және  жойылуына жедел әрекет ету   мақсатында қажетті шараларды өткізу туралы шешім қабылданды, атап айтқанда:

- 2017 жылдың өрт қаупі маусымында республика аумағындағы орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар жоспарын және 2017 жылға Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша іс шаралар жоспарын  орындау бойынша  жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс қарқындандырылсын.

-аудандар мен ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен ерікті өрт сөндіру нысандарының дала өрттерін, сондай ақ мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруге уақытында жиналу және әрекет ету мәселелері қосымша зерделенсін; 

-өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша жұмыс қарқындандырылсын;

- Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп елді мекендер, орман массивтері, өндірістік нысандар, темір жол және автокөлік жолдарының айналасындағы  қорғайтын минералды жолақтар құрлысын іске асырудың толықтығына тексеріс жүргізуді қамтамасыз ету;

-орман дала массивтерінде, сондай ақ астық жинауда және ірі жем-шөпті сақтау жерлерінде өрттерді жібермеу бойынша тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыруға бағытталған кең ауқымды үгіт-алдын алу жұмыстарын жүргізу.

- Барлық ұйымдармен күзгі- далалық жұмыстарды жүргізуде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бақылауды қатайту, сондай ақ ауыл шаруашылығы жерлерінде бақылаусыз жағуларды жібермеу бойынша қосымша шаралар қабылдау;

- рұқсатсыз ауыл шаруашылық жағуларын анықтау үшін, орман және жануарлар әлемі басқармасы қызметшілерімен бірлесіп патрульдеуді ұйымдастыру;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын күзгі –дала жұмыстарының алдында, шөптерді және ауыл шаруашылығы жерлерін бақылаумен жағуды міндеттеу, бұл туралы жергілікті атқарушы органдарды және мемлекеттік өртке қарсы қызметтердің аумақтық бөлімшелерін ақпараттандыруды міндеттеу;

- өрт қаупі кезеңінде азаматтардың орман массивтеріне баруларын шектеу, от жағуға, елді мекендер аумақтарында тұрмыстық қоқыстарды жағуға және ауыл шаруашылығы жерлерін бақылаусыз жағуды өткізуге тиым салу жұмысы жалғастырылсын;

- орман-дала  массивтерінде өрт қауіпсіздігі саласында бұзушылықтар жіберген тұлғаларды айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдансын;

Өрт қаупі кезеңі жалғасуда! Адамдар өлімін, материалдық залалды жібермеу және өрт қауіпсіздігі саласында заңнаманың бұзылуын жібермеу мақсатында, «Бұқар жырау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ –сі, Бұқар жырау ауданының барлық тұрғындарын көрсетілген кезеңде  сергек болу қажеттілігіне шақырады!

 

 

Бұқар жырау ауданының ТЖБ

бастығының міндетін атқарушы

Ш.О. Нурсейтов

 

 

Вернуться к списку новостей

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қадағалау кеңесінің құрамы өзгерді 17 Қазан 20:22
Киімдер мен әшекейлер жасайтын дизайнерлер «Алтын жіп» байқауына шақырылады 17 Қазан 19:56
Қарағанды симфониялық оркестрі Санкт-Петербургтен келген дирижер Михаил Леонтьевтің басқаруымен өнер көрсететін болады 17 Қазан 19:54
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»