100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Ресей қарағандылық еркекшөпке қызығушылық танытып отыр

 

Алғаш рет Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институты (ҚӨСҒЗИ) бес тонна еркекшөпті Ресейге экспорттады. Егер тауар сатып алушыларға ұнайтын болса, жөнелтілетін өнім көлемі анағұрлым ұлғайтылатын болады.

- Біз Ресей Федерациясына сынама түрде бес тонна еркекшөп жөнелттік, - деп мәлімдеді. «ҚӨСҒЗИ» ЖШС бас директоры Дамир Қалдыбаев. - Мұндай аз көлем Ресей үшін біздің нарық таңсық болғандықтан әзірге біздің тауарға сенімсіздікпен қарауымен түсіндіріліп отыр. Егер өнімнің сапасы олардың көңілінен шығатын болса, ресейліктер анағұрлым көп көлемде - 150 тонна шөпті сатып алуға дайын.


Сонымен қатар «Карагандинская-30» бидай сұрыпын көршілес Ақмола облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері сатып алмақшы. Биылғы жылы сынақ учаскілерінде бұл сұрып ең үлкен өнімділікті - бір гектардан 15 центнерді көрсетіп отыр. Мамандардың айтуынша құрғақ климат жағдайында бұл бидай түрі жоғары көрсеткіштерге ие болады.


Әзірге ҚӨСҒЗИ тұқымдарының негізгі тұтынушылары - жергілікті шаруалар. Мұнда тары, сұлы, арпа дәндері, бір жылдық және көпжылдық шөптер сатып алынады.

Еркекшөп - аса күтімді қажет етпейтін жер мен климатқа бейімделген көпжылдық шөптердің түрі. Ол ХХ ғасырдан бастап құнды азық шөп ретінде пайдаланады. 
 

 

Вернуться к списку новостей

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қадағалау кеңесінің құрамы өзгерді 17 Қазан 20:22
Киімдер мен әшекейлер жасайтын дизайнерлер «Алтын жіп» байқауына шақырылады 17 Қазан 19:56
Қарағанды симфониялық оркестрі Санкт-Петербургтен келген дирижер Михаил Леонтьевтің басқаруымен өнер көрсететін болады 17 Қазан 19:54
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»