home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Президент тапсырмаларын орындау жолында

Бағдарлама мақсаты айқын
Өмірімізге «Жұмыспен қамту-2020» жаңалығы енген болатын.                 
Ұшқыр  уақыт бір орнында тұрмайды, зырлап, зулап жатыр. Қазақстан Республикасы үкіметінің 19.06.2013 жылғы Қаулысымен бекітілген аталмыш Бағдарлама  өміршең  бағдарламаға  айналып,  халықтың  әл-ауқатын  көтеруге өзінің ықпалын тигізуде.
Біз ауданымызда осы бағдарлама қалай жүзеге асуда, қаншама адам құжаттар рәсімдеді, қанша қаражатқа ие болды, ісінде қандай жетістіктерге жетті деген сұрақтарымызбен  Жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Динара  Қайроллақызына  жолыққан  болатынбыз. 
- Жұмыс істеймін деген адамға үкіметіміздің көмегі көп,-дейді бізбен әңгімесінде Динара Қайроллақызы. - Бағдарлама мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға көмектесу болып табылады. Бағдарламаны 3 бағыт бойынша жүзеге асырудамыз.
Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы осы бағыт бойынша 17 нысанға 343 млн. 900 мың теңге қарастырылып, осы уақытта 11 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды. Заречное және Корнеевка селосындағы мәдени нысандардың ағымдағы жөндеу жұмыстары, Самарқанд селосы және Қушоқы кентінің кентішілік және ауылішілік жолдарын жөндеу жұмыстары, Самарқанд селосының кірме жолдарын жөндеу жұмыстары, Центральное, Самарқанд, Гагарин, Корнеевка, Тегісжол селоларының және Ғ. Мұстафин  кентінің фельдшерлік-акушерлік пункттерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары соңына жеткізілді.
Ботақара кентіндегі мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 18 млн.теңге бөлініп,  мердігерлік ұйым құрамында жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Ростовка селосының  ауылішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына  20 млн. теңге бөлінді, мердігерлік ұйым «Дило Компани» ЖШС жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 адамды уақытша жұмыспен қамтамасыз етті.  Ғ. Мұстафин кентінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына  100 млн. теңге бөлінді, жұмыспен қамту орталығы арқылы  40 адам жұмысқа орналастырылды. Ботақара кентінің саябағын жөндеу үшін 20 млн. теңге бөлініп, 10 адам уақытша жұмыспен қамтылған. Қорыта айтқанда, жұмыспен қамту орталығы арқылы 140 адам жұмысқа орналастырылды.
- «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу және тірек ауылдарды дамыту» - екінші бағыт нені көздейді?
- Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыру және экономикалық белсенділікті арттыруда, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді.  Көп жылдық екпе шөпті себу, мал шаруашылығын дамыту, мал азығын өндіру, жиһаз салонын ашу, жолаушылар тасымалдау қызметін ашу, компьютер жөндеу орталығын ашу, жазғы кафе салу, тұрмыстық техника жөндеу, шаштаразы қызметін дамыту, құс шаруашылығын дамыту, жылыжай салу, қоғамдық монша ашу, ағаш өңдеу цехын ашу үшін  Бұқар жырау ауданы бойынша осы жылы  68 адам шағын несиелерге қол жеткізді. 
Ал үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару» арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Кәсіптік даярлау курстарында  оқуын 2011 жылы бастаған 9 адам,  2012 жылдан бастаған 20 адам білім алуда. Ағымдағы жылы қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары бойынша  16 адам, оның ішінде 10 адам «ВС категориясының көлік жүргізушісі», 5 адам «Тракторшы-машинист» ,1 адам «Д» категориясының көлік жүргізушісі» мамандықтары бойынша оқуға жіберілді. Бұл адамдардың барлығы оқуларын аяқтаған соң тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады. Жалпы, Корнеевка селосынан 3 адам, Ботақара кентінен 4 адам, Байқадам селосынан 2 адам, Тұзды селосынан 4 адам «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілген екен.
Әлеуметтік жұмыс орындарында 10 адам, оның ішінде 5 адам «Айхан» ШҚ және 5 адам «Қабылқайыр» АТК жұмыс атқарады.
Динара Қайроллақызы сөзін ағымдағы жылы ауылдық және кенттік әкімшіліктерге, ауданның мемлекеттік мекемелеріне жастар тәжірибесі бойынша жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің 50 түлегі жұмысқа орналастырылғандығын, тамыз айының 5-жұлдызында Ботақара кентінің 12 пәтерлі тұрғын үйіне экономикасы төмен елді мекеннен 12 отбасы қоныс аударғанын айтып қорытындылаған болатын.
Өміріміздің өзі бір жерде тыныш отырмауға, талаптануға, ұмтылуға итермелейді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген атам қазақ. Жақсы өмір, молшылықты тұрмыс тек қана маңдай термен келеді. «Жатқанға жан жуымас», ендеше, үкіметіміздің берген жеңілдіктерін пайдаланып, алдыға қойған  мақсаттарымызды жүзеге асырайық.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»