home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Президент тапсырмасы орындала бастады

Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев бүгін Астанада өткен ОКҚ баспасөз мәслихатында жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қабылданып жатқан шаралармен таныстырды. Атап өту керек, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде жол қауіпсіздігі мен Қазақстанның  автокөлік жолының сапасын қатаң сынға алғаны белгілі. Бүгін бірқатар сала басшылары Президент тапсырмасын орынды дей келе, осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Мереке Пішембаевтың айтуынша, «Ең алдымен, біз қозғалысы қарқынды автожол учаскелерін жолақтар сызылған және жол шеттеріне қоршаулар орнатылған 1-ші техникалық санаттың қатарына ауыстырып жатырмыз, бұл шара көліктерді басып озған кезде жүргізушілердің жолдың қарсы бетіне шығып кетулеріне жол бермес үшін жасалуда. 2020 жылға дейін шамамен 4 мыңдай шақырым тас жолды 1-ші техникалық санатқа, республикалық маңыздағы 7,2 мың шақырым тас жолды - 2-ші техникалық санатқа ауыстыру жоспарлануда. Осыған орай, «Астана-Щучинск» учаскесін мысалға келтіруге болады: бұл жол учаскесі 6 және 4 жолақты жол санатына ауыстырылғаннан кейін жолдардағы апат оқиғалары үш есеге, ал кісі өлімі –22 есеге қысқарып отыр».  М.Пішембаевтың айтуынша, қазіргі таңда ведомство апатты оқиғалар кезіндегі арнайы қызметті шұғыл шақыру жүйесін енгізу жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл жаңа жүйе жол-көлік оқиғаларына шұғыл әрекет етуші қызметтердің жедел үнқату уақыттарын орта есеппен 30% қысқартуға мүмкіндік береді.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»