Официальный сайт Аппарата акима Бухар-Жырауского района
  • Жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы күні – Көкпектіде 02 Сәуір 2018

Наурыз айы келді еліме жайнап, жарқырап. Сай-саладан су ағып, жылы жақтан құстар келіп қиқу салуда. Жер ана бусанып, тіршілік нәрін бойына сіңіріп, рахаттана тыныстауда. Қыстан аман-есен  шыққан төрт түлік те көктемнің лебін сезініп, дүр сілкінді.

Наурыз айы келді еліме жайнап, жарқырап. Сай-саладан су ағып, жылы жақтан құстар келіп қиқу салуда. Жер ана бусанып, тіршілік нәрін бойына сіңіріп, рахаттана тыныстауда. Қыстан аман-есен  шыққан төрт түлік те көктемнің лебін сезініп, дүр сілкінді.

Наурыз айы - татулық пен кешірім айы. Адамдар қандай да жағдайда біріне-бірі ренжісе, Ұлыстың Ұлы күні бірімен-бірі татуласып, құшақтасып, ақ дастархан басына жайғасады, емен-жарқын отырып, тағамның түр-түрінен дәм татып, ағыл-тегіл ақтарылып, сыр шертіседі.

Әңгіме өзегі алдағы уақыттағы науқандық жұмыстар, еліміздің тыныштығы, аспанымыздың ашықтығы.

Биылғы Наурызды Көкпекті ауылы дүбірлете қарсы алды. Автобаза аумағына ауыл әкімдігі, селолық дәрігерлік амбулатория, мектеп ұжымы, округ тұрғындарының бірлескен күшімен ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, аттарына отырған көкпаршылар, белдерін буған балуандар, қазақтың ұлттық киімін киіп, қуаныш пен шаттық құшағында жүрген кәрілер мен жастар, ауылдың тұрғындары ерекше көңіл-күйде көрінді. Бұл күні оңтүстіктен жылы жел соғып, жер бетіне жылы леп тарады, бала-шаға бас киімдерін шешіп тастап, асыр салды.

Сахна төрінен ауыл тұрғындарының дайындаған “Тұсау кесер” дәстүрі тамашаланды. Ата-бабамыз баланың тұсауын ауыл-аймағына сыйлы, ісі тиянақты, ретімен сөйлейтін, көпшілікке аборойы, беделі бар адамға кескізуге тырысады. Сәбиге алғашқы қадам жасатқан адам сый-сияпатқа ие болады, ендігі уақытта ол баланың болашағына, оқуына, отау құрып, еңбек жолына түсуіне ата-анасымен бірге алаңдаулы болады. Осы ауылдың бұлбұл дауысты әншісі Ғайни Жухина “Аппақ гүлдер” әнін салып, сазды әуенге елтіген балалар билеп, қуанып тұрды. Бұл - ару көктем, гүл көктемнің сәби жүрегіне себелеген сиқырлы әсері. Оң жақ қанатта тұрған киіз үйге ауылға келіп ат басын тіреген сансыз қонақтар, ауыл тұрғындары кіріп, дастарханнан ауылдық округ қыз-келіншектерінің қолынан шыққан тәтті-дәмділерінің дәмін татып, наурыз көже, шай ішіп, әрқайсысы өзінің қатысатын жарысы мен сайысына асығып, қызмет көрсеткен жандарға алғыстарын айтып, келесі келгендерге орындарын босатып, шығып жатты.

Көкпекті мектебінің ұлт аспаптар оркестрі “Тепеңкөк” күйін орындаса, Байқадам ауылынан келген хор “Қазақы дастарханым” әнін ауыл аспанына әуелетті.

Ауылдық округ үш ауылдан тұратыны баршамызға белгілі. Осы мерекені тойлауға Сарытөбе және Байқадам, Көкпекті ауылдарының күміс таңдай әншілері бір жұдырық болып жұмылыпты. Жастық шақтың құдіреті - кіршіксіз махаббатқа арналған әндерін салған, замандастарына бақыт, жақсылық, шаттық тілеген сарытөбелік “Верба” этно-мәдени бірлестігі әжелерінің өмірге, өнерге ғашықтығына, адамдарға, замандастарына ниеттерінің түзулігіне, жақсылық тілектеріне тәнті болдық. Әрбір жылы сөз адамға ерекше күш, алға деген ұмтылыс беретіні мәлім. Осындай тақырыптағы әндер шырқап, әдемі қартайған әжелерге дүркірете қол шапалақтарын арнады жиылған қауым. Өз кезектерінде әжелер жұртшылықты жыл басы, жаңару мейрамы  - Наурыз мерекесімен құттықтап, жүректерінен шыққан сансыз тілектерін арнап, замандастарына көл-көсір шаттық пен дастархандарына береке, молшылық тілеп, тыңдармандарымен иіле қоштасты.

Байқадам ауылынан Рахад Арманның толғауы, Жұмабек Мақсаттың “Мен қазақпын”, Қарағанды қаласынан келген қонақ - Темірбек Уаштың “Ауылым” әндерінен мерекелі де берекелі, қонақжай да бауырмал ауылдың жұпар иісін сезіндік. Өнер десе ішкен астарын жерге қоятын жандар - Мұрат Нұркен мен Қайролла Бауыржан әрбір номердің өз деңгейінде шығуы үшін жанын салды. Мұрат Нұркен “Байтақ елім - Қазақстан” әнімен концерттік бағдарламаның соңғы нүктесін қойды. Ауылдың киелі топырағынан нәр алып жүрген осынау жастардың өнердің биік шыңына көтерілуін тіледік біз де іштей.

Наурыздың мерекелік бағдарламасына лотерея ойындарын ойнату да еніпті. Осы күні бұл алаңнан ұтыссыз қайтқан адам болмады. Бір отбасы бірнеше лотерея билетін алып, ұтысқа ие болып, шаттанып жатты. Ас үйге керекті заттардың барлық түрі дерлік және ақшалай ұтыстарды тарату біршама уақытқа созылды.

Осы уақытта сол жақ қапталда қазақша күрес қызу жүріп жатты. Төрешілер сайланып, олар да жас балуандардың белдесу сәттеріне барынша әділ бағаларын беруге тырысты. “Күш атасын танымас”- деген емес пе атамыз қазақ?! Сайдың тасындай іріктелген жігіттер кимоноларын киіп, жиналған қауымның қолпашымен көз алдымызға ерекше сәттер әкеліп жатты. Сайыс болған соң жеңуші де, жеңілуші де болады. Әрбір балуанды қолдап, қолпаштап тұрған спорт сүйер қауымның алдында керемет кадрлар тізбектеліп өтіп жатты. Адамдарды биік шыңдарға шығаратын оның бойындағы өнері, өзі таңдап алған спорт түріне деген сүйіспеншілігі. Ауылдан дәрігер де, сәулетші де, әнші де, ұшқыш та шығады. Тек осындай жастарды баптайтын, бұлақ көзін ашатын адамдар табылса. Өмірге бағыттап, тәжірибесін шыңдаса. “Ел ағасыз болмайды...” демекші, ондай адамдар бар екен. Бұлақтың көзін ашқан екен. Нәтижесінде тартысты да шалымды күрес спортын тамашаладық.

Жеңімпаздар болып 57 кг салмақта 3 орынға Б.Бадилхан, 2-орынға А.Байболат, 1 орынға  Е.Мадинеш, 60 кг салмақ бойынша 3 орынға Д.Кушенов, 2 орынға С.Ниқан, 1 орынға Ж.Қарғабай, абсолютті чемпион атағына Айбек Әбдікәрімов лайық болды. Қарағанды технологиялық құрылыс колледжінің студенті Кушенов Даниярдың өнері баршаның жүрегіне жетті, тамсандырды, сүйсіндірді.

Кір көтеру сайысынан 3 орынға М.Слюсарев (5 мың теңге), 2 орынға Данил Скибицкий, 1 орынға А.Литвяков, армрестлингтен 3 орынға А.Кушенов, 2 орынға Б.Сексембаев, 1 орынға Жақсыжол Жәнібек ие болды. Барлық жеңімпаздарға медальдар мен грамоталар табысталды.

Ботақара кентінде аттың құлағында ойнайтын көкпаршылар бар екенін естіп жүретінбіз. Талғат, Әділет, Алмас, Төлеген, Мұқтархан, Дархан атты жігіттер аттарын ойнақтатып, “жарыс қайдасың” деген кейіпте күресті тамашалап жүрді. Әрбір ойынның өзінің жеке тактикасы болады емес пе, кейіннен тас жол бойына барғанда оны да тамашаладық. Керемет, қызықты спорт түрі екен!

Сонымен, Ботақара кенті, Көкпекті, Байқадам, Петровка ауылдарынан келген көкпаршылар сайыстың әдемі сәттерін көз алдыға алып келді. Тас жол бойында автокөліктер бірінен соң бірі тізіліп, тартысты сәттерден көріністер тамашаланды.  

Ашылу сәтінде Қарағанды облыстық спорт комитетінің басшысы Шеризат Қазтаев ақжарма тілектерін білдіріп, Қарқаралы қаласынан келген спортшылардың атынан ән шашу тарту етілді. Көкпар өтетін алаңда да жаңа жыл, жаңа бастамалардың құрметіне сазды әуен қалықтады. 

Ақшалай марапатты көкпардың ұйымдастырушысы, ауыл тұрғыны Мадияр Әбілғазин өз атынан ұсынса, кубок пен диплом, Алғыс хаттар әкімдік атынан тарту етілді. Сонымен, 4 орынға Петровка ауылының, 3 орынға Байқадам ауылының, 2 орынға Көкпекті, 1 орынға Ботақара кентінің көкпаршылары лайықты болып, баршасына марапаттар тапсырылды. 

“Тойдың болғанынан боладысы қызық” демекші, Ұлыстың Ұлы күнін осындай шаттықпен қарсы алған Көкпекті ауылдық округінің тұрғындары мерейлері үстем болып, төбелері көкке бір елі жетпей марқайды, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды, бірлік пен ауызбіршіліктің көрінісін жарқыратты. Аталарымыздың дәстүріне құрмет көрсетіп, жас ұрпаққа үлгі мен өнеге көрсетті.  

Жан дүниең ерекше күйге енетін,

Күн сәулесі жып-жылы нұр беретін.

Жер бетінен тіршілік нәрін алып,

Балауса гүл ерекше түрге енетін.

Жыл бастауы - дүркіреп Наурыз келді!

 

http://bjj-gazeti.kz

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреттері


Назад


Облыс жаңалықтары


28 Сәуір 16:38 Қарағанды облысында мисс Туризм таңдалды 28 Сәуір 15:55 Қарағандыда 1-ші мамырда мерекелік шеру, театрландырылған қойылым және этномәдениеттер фестивалі өтеді 28 Сәуір 15:48 «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы: аударылған баспа өнімдерінің тізімі барлығына қолжетімді болады

ҚР рәміздері

Погода

Бухар-Жырауском районе 5°C

Курсы валют

USD   336.37
Euro   376.94
Рубль   5.01

Голосование

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг Голосовать
Послание Президента РК Построим будущее вместе!
Официальный сайт Президента РК
Форсированное индустриально-инновационное развитие РК
Государственные закупки РК
Официальный сайт Правительства РК
Официальный сайт Парламента РК
Портал электронных услуг Карагандинской области
Официальный сайт акимата Карагандинской области
Сайты государственных учреждений Караганды
Досупное жилье 2020
Защита бизнеса
Казахстанское содержание
fingramota.kz
IPO
bnews.kz
baq.kz
Торгово промышленная палата РК
EXPO 2017
© 2015 - Аппарата акима Бухар-Жырауского района
© 2015 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»