100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебінде «Патриоттық әндер» байқауы болып өтті.

Ел Тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерін айғақтайтын, Тәулсіздіктің 25 жылдық мерейтойы идеясы төңірегінде өскелең буынды Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 5-11 сынып аралығында «Патриоттық әндер» байқауы өтілді.
Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Р. Д. Балхашева алғы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Байқауға сыныптар толығымен қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Байқау шарты бойынша әннің мазмұны, әнді сезіне білуі, көпшіліктің қатысуы, сахналық мәдениеті мен киім үлгісі бойынша бағаланды.
Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша:
«Бас жүлдені» - 6-сынып оқушылары;
«І орынды» - 9-сынып оқушылары;
«ІІ орынды» - 10-сынып оқушылары;
«ІІІ орынды» - 8-сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мадақтама грамоталары мен алғаыс хаттармен марапатталды.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»