100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған істеріне қорытынды және 2017 жылға міндеттері туралы есебі

Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған істеріне қорытынды және 2017 жылға міндеттері туралы есебі
Ақтөбе ауылдық округінде 1162 адам тұрады, экономикалық белсенді халық саны 600-ді құрайды, жұмыспен қамтылғандар - 470 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 125 адам, жұмыссыз 5 адам бар.
Округ бойынша мүгедектер саны - 56, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер - 6 адам, 2 топтағы мүгедектер - 26 адам, 3 топтағы мүгедектер - 18, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны - 6 адам. Жеке көмекшілері 2 адам. Жеке оңалту бағдарламасы 85 пайызға қамтылған. 18 жасқа дейінгі балалардың  мемлекеттік жәрдемақысын 15 отбасы алды.
Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына көп көңіл бөлінуде. Әлеуметтік салада көптеген жақсылықтар байқалады, әсіресе таза сумен қамтамасыз ету, электр, пошта байланысын жақсарту жүйесінде, жол жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмай жатыр.
Бүгінгі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер де бар. Олар - ауылдық округ әкімінің аппаратын, ветеринарлық пунктін, учаскелік инспектордың, поштаны ғимаратпен қамтамасыз ету және Ынтымақ селосындағы КТП-ны жөндеу.
Ынтымақ ауылындағы КТП-ның техникалық құжаты толық жасалды, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 млн. теңгеге смета жасалды. 2017 жылы “Жұмыспен қамту жол картасы-2020” бойынша жөндеу жоспарда.
Әкім аппаратының ғимараты бір отбасына уақытша тұруға берілген. Ол отбасына ғимаратты босату жайында бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, босатудан бас тартуда. Ғимарат босатылмағандықтан, аудандық бюджеттен қаржы сұрай алмаймыз.
Тойхана ашу да бірнеше жылдан бері өзекті мәселе болып тұр. Бұрынғы совхоздың асханасын ауыл азаматтары бірігіп сатып алды, көктемнен жөндеу жұмыстарын жасау жоспарда.
Ақтөбе ауылдық округінде 23 сәуірде облыстық сенбілік қалада тұратын ауыл азаматтары мен азаматшаларының қолдауымен жоғары деңгейде өтті. Округтегі мекемелер, ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер, барлығы 200 адам қатысты. Сенбілікке 9 көлік, 3 ГАЗ-53, 1 Зил, 3 трактор тіркемесімен, 2 трактор жүк артқышымен жұмылдырылды.          Округте жалпы көлемі 52239 га жер телімі бар, оның ішінде елді мекен жері 13058 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 39181га, егістік - 22854 га, жайылым - 5048 га, шабындық - 11279 га, ағымдағы жылда игерілмеген егістік жерлер 20163 га құрайды.
Есепті жылда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді. Ынтымақ және Ақтөбе ауылдарында 21 шаруа қожалығының  пайдаланылмаған 1514 га жер учаскесі  мемлекетке қайтарылды.
2016 жылы 78 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтамасыз етілді. «Болашақ» шаруа қожалығында 3 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Қоғамдық жұмысқа 1 адам қатысты. Ол санитарлық тазалау және көркейтуге және жергілікті салықтарды жинауға көмектесті.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және басқа да тәртіп бұзушылық жөнінде учаскелік инспектор алдарыңызда есеп береді.
«Өңірді дамыту» бағдарламасы бойынша 726 мың теңге қаражат бөлінді, ол ауылда спорттық алаң құрылуына жұмсалды, қаражаты төленді. Ол 2017 жылдың көктемінде салынады. Келер жылы Октябрьдің 70 жылдығы көшесін жарықтандыру жоспарлануда.
Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қайтарылмайтын шағын несие алып, шағын және орта бизнес ашумен ауыл тұрғындары айналысуы керек.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын орындауда бірінші бағыт бойынша Ақтөбе орта мектебінің от жағу қазандығы жаңартылып, 5 адам жұмыспен қамтылды, өз ісін ашу үшін - екінші бағыт бойынша 4 адам 12 млн. теңге несие алып, мал басын көбейтті, үшінші бағыт бойынша 4 адам кәсіптік оқуға мамандық алуға бағытталды.
“Саламатты Қазақстан“ мемлекеттік бағдарламасын орындауда Ақтөбе ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды, арнайы автокөлігі бар. 4 маман халыққа қызмет көрсетеді. Ынтымақ ауылында медициналық пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Білім беру саласында материалдық-техникалық базаны нығайтуға, бала санын көбейтуге, оқушыларға сапалы білім қызметін беру қолға алынуда. Мектептерде, амбулаторияда, клубтарда салауатты өмір салты насихатталып, түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бағдарлама бойынша ауылдық округте ветеринариялық жұмыстар жүргізілуде. Ол жөнінде мал дәрігерінің жылдық есебі тыңдалады.
Округ аумағында 2 ЖШС пен 76 ШҚ жер телімдері бар. Биыл 1177 гектар егістік жерге егін салынды.
Жеке кәсіпкерлер саны - 3. Округте 2 дүкен жұмыс жасайды. Дүкендердегі әлеуметтік маңызды азық-түлік бағалары қадағаланып, аудандық  кәсіпкерлік бөлімінен берілген бағамен сәйкестіріледі.
Ірі шаруа қожалықтары наубайхана, диірмен, мал соятын цех, өлексе көметін мал қорымын, тағы басқа халыққа қажетті объектілер салса, тұрғындарға жұмыс орындары болады.
Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруде алдағы тұрған міндеттер :
- Қыс айларында Ақтөбе және Ынтымақ ауылдарының көше жолдарын қардан тазарту, көктемгі су тасқынының алын алу, жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандыру.
- Ынтымақ ауылындағы электр желісін алдағы жылы жөндеу және көшелерін жарықтандыру.
- Шаруа қожалықтарының пайдаланбай жатқан жерлерін тапсыру жұмыстарын жалғастыру.
- «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу.
- Ауылдағы телефон байланысы жүйесінің жұмысын  жақсарту.
Алдағы жоспарланған жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырамын.
Б.ҚАЗАТАЙ,
Ақтөбе ауылдық округінің әкімі

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»