100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Жаңаталап ауылы әкімінің 2016 жылда атқарған істеріне қорытынды және 2017 жылға міндеттері туралы есебі

Жаңаталап ауылында 1116 адам тұрады, оның ішінде экономикалық белсенді - 525 адам, жұмыспен қамтылғаны - 268 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 264 адам бар.
Зейнеткерлер саны - 104 адам, мүгедек жандар саны - 52 адам, мектебімізде 179 оқушы білім алуда, мектеп жанындағы шағын орталықта 53 бала тәрбиеленуде. Жұмыссыздар саны 0,1 пайызды құрайды.
Ауыл аумағы 7817 га құрайды, оның ішінде 5443 га ауылшаруашылық саласына  жатады, жайылым 2114 га.
Ауылымызда бір мектеп бар. Ол Жаңаталап орта мектебі. Мектепте оқу қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.
Ауылымызда фельдшерлік-акушерлік  пункт қызмет атқарады. Ондағы медбикелер өз мамандығын тиісті деңгейде меңгерген. ФАП ішінде былтырғы жылы аптека ашылған, ауыл азаматтары керекті дәрі-дәрмектерін сатып ала алады.
Ауылымызда «Казпочта» филиалы өз қызметін тиісті деңгейде атқаруда. Почта ауылға жұмасына үш рет жеткізіледі. Зейнетақы және жәрдемақылар өз уақытында таратылады.
Ауыл тұрғындарына кітапхана қызмет көрсетеді. Кітап қоры 9929 дананы құрайды. Алты жүз шамасындағы адам кітапхананың тұрақты оқырманы.
Ауыл көшелері толықтай жарық шамдарымен қамтамасыз етілген.
Электр жарығымен Қарағанды жарық фирмасы қамтамасыз етеді. Тариф 13,37 тенге құрайды.
Телефон жүйесімен Бұқар жырау аудандық “Телеком”  қамтамасыз етеді. Ауылымызда 205 номер бар. Интернет жүйесімен 56 абонент қамтылған. Биылғы жылы ауылымызға «Теле-2» компаниясы өз қондырғысын орнатпақшы.
Ауылымызда кеуделеріне “Алтын алқа“, «Күміс алқа» таққан ақ жаулықты аналар көптеп саналады. 20 «Алтын алқа», 23 «Күміс алқа» иелері бар екенін айтып кеткеніміз дұрыс болар.
Көктемгі, күзгі сенбіліктер өткізілді. Ауыл көшелерінен 48 тоннадай қоқыс шығарылды. 80-ге жуық жас тал ағаштары отырғызылды.
Қоқыстарды шаруа қожалықтары бөлген техникамен шығарамыз. «Нұр Әділ» шаруа қожалығымен ауыл әкімшілігі меморандумға қол қойған. Ол келісім толықтай орындалды. Биылғы жылы меморандумға келіссөз жүргізіп жатырмыз.
Қыс айларында ауылды қардан тазартуға қаржы бөлінген, ауыл жолдары уақытында тазаланып отырылады.
Ауыл әкімдігінде шаруа қожалықтарының басшыларымен төтенше жағдай және азаматтық қорғау жөнінде келісім-шарт бар. Өрт болған жағдайда осы қожалықтардың жасағы өртті сөндіруге дайын.
Ауылымызда 1700 бас ірі қара мал, 1123 ұсақ мал, 114 жылқы, 12 шошқа, 427 құс тіркелген. 1 ЖШС, 14 шаруа қожалығы, 14 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда.
Былтырғы жылы 3402 га дәнді дақыл себілді. Оның ішінде 2950 га бидай өнімдері, 133 га картоп, 30 га көкөніс өсірілді. Жаңбыр, қар жауған кездерге жеткізбей жиналып алынды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 1 млн. 12 мың теңге қаражат ауылдағы орта мектепті жөндеу жұмыстарына жұмсалды.
2016 жылы қолма-қол бақылау шотына (КСН)  түскен қаражат 1 млн. 533 мың теңгені құрады. Оның 869 мыңы көше жарықтандыру қызметін төлеуге жұмсалса, 33 мың теңге көше жарықтандыру шамдарын жөндеу жұмыстарына төленді, 26 мың теңге ауылды абаттандыру жұмыстарына жұмсалды. Қалған 604 мың теңге 2017 жылға ауысады.
2017 жылы 6 түрлі салықтан түсетін қаржы 1 млн. 700 мың теңгені құрайды. Аталған қаржының 200 мың теңгесі көше жарықтандыру шамдарын жөндеуге жұмсалса, қалған 1 млн. 500 мың теңге абаттандыруға жұмсалады.
2017 жылы Жаңаталап ауылында өндірістік кооператив құрылу жоспарлануда.
2016 жылдан бастап «Нұр Әділ» шаруа қожалығы басшысы Е.Ахметов ауылымызда құм-полимер араласқан өнімдер шығаратын кіші завод, темір-бетон бұйымдарын жасайтын шағын заводта  жұмысын жалғастыруда.
2016 жылы ауыл шаруашылығын колдау қорынан ауылдың жас азаматы А.Қабылғазин  автошеберхана ашуға жеңілдетілген пайызбен 3 млн. теңге несие алды.
«Бүгінгі жас - ертеңгі болашақ» демекші, ауыл жастарының бос уақытының тиімді пайдалануы, спортпен шұғылдануы мақсатында ауылымызда шағын футбол алаңы орналасқан. Биылғы жылы ауылымыздың ескі әкімдік ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мәдени орталық ашу жоспарлануда.
Т.Амангелдин,
Жаңаталап ауылының әкімі

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»