100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Бұқар жырау ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған істеріне қорытынды және 2017 жылға міндеттері туралы

Бұқар жырау ауылдық округінде тұрғындар саны 507 адамды құрайды, оның ішінде Бұқар жырау ауылында 203 адам, Семізбұғы ауылында 100 адам, Шалқар ауылында 204 адам тұрады. Экономикалық белсенді тұрғындар саны - 285 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны - 194 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 60 адам, жұмыссыз - 31 адам оның ішінде 24 адам үш жасқа дейінгі бала күтімінде,, 7 адам жұмыссыз.
Округ бойынша мүгедектер саны 14 адамды құрайды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 1 адам. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 4 адам. Округ бойынша 3 адам қоғамдық жұмыстарды атқарды.  
Семізбұғы ауылынан 8 бала, оның ішінде 7-уі оқушы, 1 бала шағын орталыққа тасымалдануда. Семізбұғы ауылынан «Абдулла» жеке кәсіпкерлігі газель автокөлігімен тасымалдайды.
Округ аумағының жалпы жер көлемі 88663 га, оның ішінде елдімекен жерлері 23447 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 55344 га, оның ішінде егістік 6576 га, жайылымдық жерлер 46319 га құрайды.
2016 жылы пайдаланылмайтын егістік жерлердің  құжаттары - 318 га облыстық аумақтық инспекциясына тапсырылды. Аудандық жер қатынастары бөліміне қайтыс болған шаруа қожалығы басшыларының және игерілмей жатқан жерлерді қайтарып алу бойынша шаруа қожалық басшыларының тізімі берілді, тіркелген жер көлемі барлығы 1981 га. Қосымша жұмыстар атқарылуда.
Округ аумағында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны - 5, СПК - 2, фермерлік қожалықтар - 2, шаруа қожалықтары - 27. Шаруа қожалықтарының ішінде жұмыс жасайтындар саны 24 бірлік. Оның ішінде егістік егумен айналысатын 5 шаруа қожалығы, 19 шаруа қожалығы мал өсірумен айналысады.
- 2016 жылы «Желдібай» шаруа қожалығы 124 бас «Сименталды» асыл тұқымды ірі қара малын әкелді оның ішінде 4 бас - асыл тұқымды бұқа.
- «Арслан» шаруа қожалығы жылқы малын асылдандырумен айналысуда. 2016 жылы тіркелген жылқы басы 495 басты құрады. Оның ішінде 120 бас бие және 12 бас айғыр «Жабы» асыл тұқымды мәртебесін алды. 
- «Шалқар» шаруа қожалығы қазақтың ақбас асыл тұқымды 1 бас бұқасын әкеліп, мал басын асылдандыруда. Сонымен қатар «Жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 3,0 млн. теңге несие алып, 120 басқа арналған мал ұстау алаңын салды. Мемлекеттік бағдарламамен «Шалқар» шаруа қожалығы арқылы 1 адам дәнекерлеуші мамандығына оқытылып, тәжірибеден өтіп, кейіннен сол шаруа қожалығына жұмысқа орналасты. Шаруа қожалығы тұрақты түрде облыстық және аудандық жәрмеңкеге қатысады.
2016 жылы Семізбұғы ауылынан Абдразақов Арман «Жол картасы-2020» бағдарламасымен 5,0 млн. теңге мал шаруашылығын дамыту үшін несие алды. Округімізге «МЖК-2015», «Агрофирма Акишев Серик» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қосылды. Семізбұғы ауылында «МЖК-2015» ЖШС 2 пәтерлі тұрғын үй салды, 2017 жылы жылқы малын әкелуді, сонымен қатар мал ұстау алаңы құрылысын бастауды жоспарлауда. 
2016 жылы 2960 га жерге дәнді дақылдар себілді. Оның ішінде бидай - 2180 га, арпа - 780 га. Орта есеппен 15 центнерден өнім алынды, қамбаға бастырылғаны 4440 тонна. 120 га біржылдық шөп (суданка) себілді.
Округ бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына мал басы - ірі қара 1584 бас, оның ішінде сиыр - 864 бас, ұсақ мүйізді - 2716 бас, оның ішінде аналықтары 2255, жылқы 1318 бас, оның ішінде биелер 621 бас, құс 1036 бас -  оның ішінде тауықтар 980 бас.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 195,0 мың теңге қаражат бөлініп, Бұқар жырау ауылындағы су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалды, сонымен қатар істен шыққан су құбырлары құралдарын ауыстыру үшін жұмсалды.
2016 жылы 4 түрлі салықтан 559 мың теңге округ аумағының қолма-қол бақылау шотына түсті. (КСН). Сол қаражаттан Бұқар жырау ауылындағы көшені жарықтандыруға 154 мың теңге жұмсалды. Қалған 405 мың теңгесі 2017 жылға ауысады. 
2016 жылдың  сәуір айының 11-нен маусым айының 25-не дейінгі аралықта сенбіліктер жүргізілді. Жеке кәсіпкерлік «Кенжебаевпен» ауызша келісім жасалып, жүк көлігіне тиелген қоқыс бағасы 4 мың теңгеден келісілді. Жұмылдырылған техника - «Жүк артқыш» тракторы – 2 бірлік, «Камаз» жүк көлігі – 3 бірлік. Жалпы шығарылған қоқыс көлемі 166 автокөлік – 1660 тоннадан аса. 2330 тоннадан аса күл-қоқыс шығарылды. Әр сенбілікке аудандық «Ветеринарлық станция» КМК директоры Мейрам Ыбышов қатысып, атқарылған жұмысты қадағалап отырды.
Аудан әкімі және аудандық мәслихат хатшысының бақылауымен Шалқар ауылына екінші қосымша трансформатор (КТП) қойылды. Осы уақытта жарық кернеуі тұрақталды.
Еліміз үшін 2016 жыл - айтулы жыл болды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында 25 жұлдызды күн атты жоспар құрылып мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Басқа да мерекелік іс шаралар, соның ішінде Наурыз мерекесі, Жеңіс күні, балалар күні, Конституция күні, қарттар күні, Жаңа жыл мерекесі және басқа да мерекелік іс-шаралар аталып өтуде. Ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға демеушілік көмек көрсеткендер -«Сарыбасбұлақ», «Арслан», «Сәкен», «Желдібай» шаруа қожалықтары және «Томзаркар» фермерлік қожалық басшылары, «Жұмақ Жайлау», «МЖК-2015», «Черников и К», «Агрофирма Акишев Серик» ЖШС басшылары. 
Алдағы 2017 жылы жоспарланған міндеттер туралы. 2017 жылы 6 түрлі салықтан 925 мың теңге түседі деп жоспарлануда. Аталған қаражатқа Шалқар және Семізбұғы ауылдарына екі жерден күн сәулесінен қуат алатын жарық орнату жоспарлануда. Қалған сомаға Бұқар жырау ауылында спорт алаңы орнатылатын болады.
2017 жылы «Желдібай» шаруа қожалығы сиыр сүтін саууды жоспарлауда. Осы арқылы ауылдан 3 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Е.Узденов,    
Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»