100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Ауғанстан – тарқалмаған қайғы-шер

Ақбел селолық клубында ауған жерінен совет әскерлерін шығарған күніне арнап, кітапхамен бірлесе «Ауғанстан-тарқалмаған қайғы- шер» атты еске алу сағаты өткізілді.
Жиналған оқушыларға ауылымыздан сол соғысқа қатысқан жауынгерлер туралы естеліктер айтылды. «Ауғанстан- жүректегі жара» атты көрме ұйымдастырылды.
Соғысқа қатысып, өкінішке орай қазіргі күні арамызда орындары бос қалған ауылымыздың тұрғындарының өмірбаяндары мен еңбек жолдары туралы естелік әңгімелер айтылды. Олар: Тлеулесов Айтым, Нокин Ерлан, Мазенов Данияр, Абрахманов Ғалымтай, Аскаров Рамазан, Мухтаров Даукен,Жоков Ырза атты жерлестеріміз. олардың
Фотосуреттер арқылы біреуге аға, біреуге әке, біреуге туыс болып шыққан жауынгерлер туралы балалар да жақсы естеліктер айтты.
Балаларға «Мы исполнили свой долг» және «Юность опыленная Афганом» атты видеослайдтар көрсетілді.
Сәтбаев орта мектебінде «Ауғаныстан – жүрегімнің жарасы» тақырыбында ауған соғысына қатысқандарды еске алу дөңгелек үстелі өтті .Дөнгелек үстелге жоғары сыныптардын оқушылары қатысты.

Ақбел ауыл әкімінің бас маманы
Б.Мауиянова

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»