100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Ақбелдегі айтулы шара

«Биле, Қазақстан» бағдарламасы бойынша, 23 ақпан күні Ақбел ауылында мәдениет үінде балалар арасында «Биле Ақбел» атты сайыс өтті.
Бұл сайыста балалар өз өнерлерің  көрсетті.Сайыс екі бөлімнен болды. Алдымен балалар өз тандауы бойынша билерін көрсетті. Екінші бөлім  хореограф Дюсекова Әйгерімның  тандауымен болды.
Сайыс болғасын әділ қазылар сайланды. Ақбел ауылының ветеринар маманы  Мырзабеков С., ауыл тырғыны Омарова  Н., хореограф Дюсекова Ә. тағайындалды.
Сайыстың ең кіші қатысушылары - Қинаят Іңкәр мен Кәкен Әділет  8 жастағы  бүлдіршендер.
Жалпы  сайысқа тоғыз жеткіншек қатысты. Жас өскіннің өнерге деген талабы мен ынтасы көрермендерді тәнті етті.
Көрермендер әр ұлттың билерін тамашалады: қазақша, испан, үнді, өзбек, ұйғыр, кавказ ұлтының биі (лезгинка), қазіргі заман  биі, (рок-н-ролл).  Сайыс болған соң жеңімпаз болатыны анық.  Жеңімпаздар жүлделерімен мәреден көрінсе, белсене қатысқан  сайыскерлер де құр қалмады, олар алғыс хатпен марапатталып, ауыл әкімінің сыйлығын алды. «Өнерлі өрге жүзер» деген аталы сөз бар. Болашақта балаусаларымызды биіктен көреміз деген үміт ұялады жүрекке.
Мәдениет үйінде еңбек етіп  жүрген қызметкерлерге ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. Әрдайым шығармашылық табыс, еңбектете жеміс тілейміз.

 

Омарова Н. Ақбел ауылын тырғыны

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»