100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

«Өмірге риза болып, алғыс айт»

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Қарақұдық ауылдық кітапханасында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай Амангелді орта мектебінің 7 -  8 сынып оқушыларының қатысуымен «Өмірге риза болып, алғыс айт» атты ақпарат беру сағаты өтті. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні                             1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойғаны жайында айтылып, «Достық-біздің тірегіміз» атты пресс-стол жасалып, оқырмандарға арнайы көптеген ақпараттар, кімдерге алғыс айтатындары жайында деректер ұсынылды. Оқушылардың  Алғыс айту күні дегенді  қалай түсінгендерін бақылау мақсатында  кімдерге алғыс айту, не үшін деген сияқты сауалдар қойылып, «Алғыс айтамын» атты шағын шығармалар  жаздырылды. Барлығының шығармалары  кезек-кезек дауыстап оқылып, оқушылардың  Алғыс айту күні дегенді қалай түсінгені жайында толық қанағаттандырарлық жауаптар  алынды. Соңында оқушылар келесі жылы осы күнді асыға күтетіндерін айтып, көтеріңкі көңіл күймен рахмет айтып тарқасты.

Қарақұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы: Г.С.Дүйсембек
 

Вернуться к списку новостей

Қарағанды облысында бизнес скринингі өткізілуде 13 Қыркүйек 11:50
Балқаш қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды 13 Қыркүйек 10:57
Қарағандыда жаңа Оқушылар сарайы салынып жатыр 12 Қыркүйек 16:10
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»