100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Қарақұдық ауылы бойынша 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.                                                                                     
Осы орайда клуб ғимаратында «Әйел- тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры» атты мерекелік концерт өтті. Осы мерекеге «Күміс алқа», «Алтын алқа», жеке кәсіпкер аналар және ауылымыздың үлгі тұтар аналары арнайы шақыру билеттерімен шақырылды. Ауыл әкімі О.Дюсембекова жиналған қауымды асыға күткен көктемнің мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, арнайы шақырылған аналарымызға сыйлығын табыстады. Ауылымыздың көркемөнерпаздардың қатысуымен  әсем әндер,  Бұқар жырау ауданы бойынша жерлес ақындарымыздың  жырлары оқылды, билер ұсынылды. Мектеп оқушыларынан құрылған «Әлеке және оның достары» атты  КВН командасы әзілдерімен тәнті етті. Бағдарлама барысында «Аналар асыл жандар» атты слайд, «Ана өмірдің шуағы» атты көрме-құттықтау көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар ауыл кітапханашысының дайындаған  «Отбасы –тәрбие бастауы» атты аналар арасында сауалнама жүргізілді.

    Клуб меңгерушісі:Ж.Хасенова

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»