100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Аналар мерекесі аталып өтті

Шешенқара ауылдық округінде Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп, мәдениет үйі, модельді кітапхананың ұйымдастыруымен бірнеше іс-шаралар өтті. 28-ақпан 1-6 сыныптар арасында «Өте қымбат және нәзік адамға» атты ашық хат байқауы, 1-6-наурыз аралығында сыныптарда «Ең жылы сөз – ана» атты тақырыпта сынып сағаттары, мәнерлеп оқу байқауы өтті, 5-наурыз 8-10-сыныптардың қатысуымен «Көктемгі әзілдер» көңілді тапқырлар клубының қойылымдары көрсетілді.
Сонымен бірге, 7-наурыз ауылдық модельді кітапханада «Ару – көктем, аналардың арысың» атты тақырыпта іс-шара өтті, ал 8-наурыз күні мәдениет үйінде сағат 11.00-де мерекелік концерт өтіп, соңынан аналар жайылған дастарханға шақырылды.


Шешенқара ауылдық округі әкімінің аппараты

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»