100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 72 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРАЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ

Қаражар ауылдық округінде 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты мерекелік шараның ашылуы бастау алды. Салтанатты шеру Қаражар ауылындағы Ұлы Отан ардагерлеріне арналған ескерткіштің жанында өткізілді. Мерекелік іс-шараға Қаражар ауылдық округінің  әкімшілігі, Мәнжі батыр атындағы Қаражар орта мектебі, кітапхана, тыл ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанаты жиылған топтың алдына Мемлекеттік Туды енгізілуімен және Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.  Құттықтау сөзінде ауыл әкімі Сымбат Боранбайқызы Кенжекеева тыл ардагерлерін шын жүректен құттықтап, демеушілер атынан тыл ардагеріне аудандық маслихаттың депутаты Бақтыбек Хайратұлы  Жумабековпен бірге сыйлықтар табыстады.  Денсаулығы және тағы да басқа себептермен келмеген тыл ардагерлеріне сыйлықтар жиыннан кейін үйді-үйлерін таратылды.

Құттықтау сөздерін аудандық маслихаттың депутаты Б.Жумабеков ауылдың сыйлы ақсақалы Х.Байбақытты және мектеп директоры А.Қоянбаев алып ардагерлерді құттықтап, жастарға жылы лебіздерін білдіріп, өткен оқиғаларға көз жүгіртті. Мерекелік шара соғыс құрбандарын бір минут еске алумен және ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Әрі қарай мектеп оқушылары өздерінің дайындап әкелген өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп, көрсетілімдер қойылды. Шара барысында Қаражар ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі кітап көрмесін ұйымдастырды және Мәнжі батыр атындағы Қаражар орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Е.Серикбаев өзінің және оқушыларының дайындаған қолөнерлері, Ұлы Отан соғысы кезіндегі техникаларының  көрмесін ұйымдастырды.

Салтанатты жиын соңында ауыл ақсақалдары салтанатты шараның көңілдерінен шыққанын айтып, алғыстарын білдірді.

 

Қаражар ауылдық округі әкімінің аппараты

Вернуться к списку новостей

Облыстық Тексеру комиссиясының жаңа төрағасы сайланды 04 Желтоқсан 14:27
Қалалық бос жұмыс орын жәрмеңкесінде 380 адам жұмыс тапты 04 Желтоқсан 13:29
Саранда қала әкімінің «Qyran» жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды 04 Желтоқсан 13:02
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»