100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

БІРЛІК КҮНІ РОСТОВКА АУЫЛЫНДА

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін  біз де Ростов ауылдық Мәдениет үйінде 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойладық. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын  ұстанып. Ауылымызда тұратын  әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін  қара шаңырақ астына жинап «Бір ел-бір тағдыр» атты мерекелік кешімізді өткізген болатынбыз. Бұл мерекелік шараға  Агротехникалық колледж студенттері мен Ростов тірек мектебінің оқушылары белсене  ат салысты. Колледж студенттері  2 топқа бөлініп бірі украин  ұлтының салт-дәстүрін әнін, биін, киімін, өнерін  көрсетсе, бірі-кәріс халқының әдет-ғұрпын көрсетіп ұлттық аспаптарын ойнап, кәріс тілінде өлең оқып, қазақ халқының керегесінің  кең екенін дүйім жұртқа паш етті. «Қырғыз, қазақ –бір туған», Өзбек ағам-өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және орыс тілдерінде ән айтылып, мектеп оқушыларынан құралған «Таңшолпан» би тобының қыздары  әр ұлттың биін мың бұрала билеп көрермен қауымның ыстық ықыласына ие болды.

 «Ел бірлігі-ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге-қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі-Қазақстан халықтарының бірлігі.

 

Ростовка ауылдық округі әкімінің аппараты

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»