home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» 8 МЛН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРМАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау. Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленген болатын. Жалпы осы жоба аясында «Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен мемкорпорацияның 2 жылдық қызметін қорытындылауға арналған жиында мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов хабарлады.

А.Оспанов атап өткендей, үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып шамамен жарты миллион адамның цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта Қазақстан бойынша 880 жаттықтырушыны арнайы дайындықтан өткізіп, сертификаттар табысталды. Аталмыш оқыту курстары қала, аудан, ауыл халқына бірдей қолжетімді болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған, ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға  шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген 2 628 жұмыс орындары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері  «Connection Point» арқылы 4,5 млн.-нан аса кеңес беріліп, 4 млн. қазақстандық өздігімен қызмет алған.

«Сонымен қатар биыл еліміздің барлық облыс орталықтарында Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір жоба пилотты негізде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тиімді жұмыс жасауда. Мұндай орталықтардың ерекшелігі – белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша тақырыптық дәрістер өткізетін сыныптарының болуы. 2018 жылдың 4 айында аталмыш сыныптарда 3,6 мың адам білімін жетілдірді», - деді А.Оспанов.

Сонымен қатар адам көп шоғырланатын орындарда (сауда орындарында, вокзалдарда, әуежайларда, соттарда және т.б.) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кең ауқымды акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Айта кетейік, жыл басынан бері мемлекеттік және жеке оқу орындарында (ЖОО, колледждерде және т.б.) 10 мыңнан аса студент цифрлық қызметттер алу бойынша дағдыларын машықтандырды.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 14 Маусым 2018 13:12
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 14 Маусым 2018 13:12
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»