100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Аудан әкімінің орынбасарлары

Лауазым: Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары
А.Т.Ә: Айганым Жолшоровна Акпанова
Өмірбаян:  Айганым Жолшоровна Акпанова 1972 ж 25 желтоқсанда Қарағанды облысы Ульянов ауданы Жастлек ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, экономист, бухесеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған.  Халық тұтынатын тауарлар өндіру және қызмет көрсету Ульянв фирмасының экономисті ретінде, білім бөлімінің бас экономисті, бухгалтері болып, аудан әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған. 2006 жылдан бастап, аудан әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалғанға дейін, аудан әкімі аппаратының қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету, АҚ, ТЖ алдын алу және жою бөлімінің бастығы- бас бухгалтер болып қызмет атқарған.
Аталған тағайындауға дейін Бұқар жырау ауданы аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

 

 

Лауазым: Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары
А.Т.Ә: Дардаков Арман Шалиұлы
Өмірбаяны: Арман Шалиұлы Дардаков 1980 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысы, Қаражал қаласында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар. 2005 жылы Қазақстан- Ресей университетін «Заң» мамандығы бойынша, 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы аграрлық- техникалық университетті «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалмастан бұрын «Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты» ММ ісжүргізуші, ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас маманы, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

 

Лауазым: Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары
А.Т.Ә: Сапар Кайркенович Сатаев
Өмірбаян: Сапар Кайркенович Сатаев 1980 жылы  30 қазанда Ульяновка кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2009 ж Батыс-Қазақстан техникалық университетін аяқтады. «Инженер», «техник-механик» мамандықтары бойынша санаты бар.
Еңбек жолын 2002 ж ЖПУ-45 «Казахавтодор» АМК КФ бастаған. 2008-2009жж «Ботақара су қожалығы» КМК директоры м.а болып жұмыс істеген. 2010ж Ботақара кентінің әкімі болып,  2013ж Абай қаласының әкімі болып тағайындалған. Қазіргі қызметіне тағайындалғанға  дейін Осакаровка ауданының ТЖ бөлімінде жұмыс істеген. 

 

 

 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 06 Ақпан 2018 13:21
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»