100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қазақстанның оқу орындарында ХҚКО арқылы қызметтер алу негіздері оқытылуда

2014 жылғы  21 шілде                                                                                                 

Алдағы оқу жылында «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер ұсыну негіздері» элективті пәні Т. Рысқұлов атындағы университетінің, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне оқытылатын болады.
Аталмыш пән 2013 жылы «Тұран-Астана» университетінде және Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық колледжінің «Юриспруденция», «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» факультеттерінің 1 және 2 курс студенттеріне оқытылды. Сабақтарды «ХҚКО» РМК Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдарының қызметкерлері жүргізді. Жаңа оқу жылында осы оқу орындарында пәннің академиялық сағаттар саны 3 есеге артқалы отыр.
Бағдарлама шеңберінде студенттер пайдаланушы көзқарасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай қызметтер алуға болатындығын, электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алудың басымдығы туралы біле алатын болады, egov.kz порталының мүмкіндіктерімен, ЭЦҚ қолдану тәртібімен және т.т. таныса алатын болады. Элективті пәннің мазмұны кәсіби қызығушылықтарды қанағаттандыруға, ХҚО-лар және электрондық үкімет порталы туралы білімді тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Студент таңдаған элективті пәндер зерттеу үшін міндетті болып табылады.
Студенттерден басқа, ХҚКО-лар қызметтерін ұйымдастыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру, инспекторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну талаптары мен сапасын арттыру  мақсатында ХҚКО бөлімдерінің 100 басшысы оқытудан өтетін болады. ХҚКО қызметкерлеріне таңдалған ЖОО-ның оқытушылар құрамысабақ беретін болады. Жыл сайын ХҚКО қызметкерлері ҚР заңнамасын, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін білуге тексерістен өтетіндігі баршамызға мәлім.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»