100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

ХҚКО

“Салық есептілігін кері қайтарып алу” Egov-тан рәсімдеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Қарағанды облысы бойынша  Филиалы электронды  үкімет порталында тамыз айынан бастап “Салық есептілігін кері қайтарып алу” жаңа қызметі іске қосылғанын, сонымен қатар кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды: 
2018ж.01.01 бастап күшіне енген Салық кодексінің аясында салық есептілігін кері қайтарып алу режимі өзгертілген;
2018ж.01.01.бастап күшіне енген Салық кодексінің аясында салық        есептілігін кері қайтарып алу үшін өтініш түрі өзгертілген;
Egov порталында өтінімді онлайн жіберіп, қызметті үйден шықпай        алуға болады; 
Пайдаланушы салық есептілігін "электрондық үкіметтің" порталы арқылы кері қайтарып алу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтеміз. Ол  үшін eGov порталында салық есептілігін кері қайтарып алуға өтініш толтыру қажет, бұл ретте пайдаланушы туралы деректер мемлекеттік деректер қорында автоматты түрде тексеріледі.
“Салық есептілігін кері қайтарып алу” қызметін электронды үкімет порталының басты бетінде “Салық және Қаржы” бөлімінен таба аласыз. 

 


«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша  Филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Бұқар Жырау ауданының №1 бөлімі
 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»