100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

ХҚКО

Бүгінгі күні Telegram боттан -20, ВКонтактідегі бот арқылы-19 мемлекеттік қызметті алуға болады, Facebook-те 15 қызметке қолжетімді.

Ботты танымал әлеуметтік желілердің мессенджерлеріне қосу мемқызмет ұсынуға арналған қосымша алаңдарды қалыптастыруда. Қызмет алу кезінде пайдаланушы виртуалдық кеңесшімен диалог құрады, анықтамалық ақпаратты  egov.kz. мемлекеттік қызметтер порталына өтусіз және электрондық цифрлық қолтаңбаны  пайдаланып, ала алады,  сұратуды СМС парольмен растаса жеткілікті. 
Қазір электрондық мемлекеттік қызметті тез әрі тіптен оңай алуға болады. Бұл үшін азаматтарға әлеуметтік желілердегі жаңа боттар, жаңартылған қосымшалар, сервистер және қызметтер көмекке келеді.  
Әлеуметтік желілердегі боттарды қосу ХҚО әртүрлі анықтама үшін жүгіну баламасы түрінде есептеледі, смартфон арқылы электрондық қызмет алу мүмкіндігін іске асыру бірінші кезекте біздің клиенттеріміздің уақытын үнемдеуге бағытталған. 
Басында бұл қиын сияқты болып көрінді, алайда Қарағанды және Қарағанды облысының көптеген тұрғындары анықтама алу кезінде Telegram EgovkzBot пайдалану артықшылығын бағалады, қазіргі кезде азаматтардың қызметтерді ВКонтакте-дегі және Facebook-тағы бот арқылы алу мүмкіндіктері бар. Қызмет алу кезінде мессенджерлерді немесе әлеуметтік желілерді пайдалану дағдыларына үйренуді қалайтын азаматтар үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалының қызметкерлері үйретуді жүргізеді, тек кез келген Филиал бөліміндегі өзіне-өзі қызмет ету секторына жүгінсе болғаны.       
«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ №1 БӨЛІМІ

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»