100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

ХҚКО

Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді үйден шықпай-ақ ресімдеуге болады

Мұны elicense.kz электрондық лицензиялау  порталының көмегімен алуға болады.
www.elicense.kz  "электрондық лицензиялау" порталынан онлайн қызметін алу үшін:
«Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасына көшу керек, одан кейін жаңа терезеден "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
1. Авторизациядан өтіңіз  немесе  электрондық лицензиялау порталына тіркеліңіз;
2. Ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетіндегі «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін, «Өтініш беру» сілтемесіне өтіңіз; 
3. Өтінішті толтырып, өз ЭЦҚ қол қойыңыз;
4. Берілген өтініш мәртебесін «Менің өтініштерім» бөлімінен қадағалауға болады.
Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы –«Менің хабарламаларым» бөлімінен біле аласыз.
Қосымша хабарлайтынымыз: қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету жөніндегі
Бұқар жырау аудандық № 2 бөлімі
 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»