home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары Ахуалдық орталығына қосылды

Қызметтер көрсетудің сапасын мониторингілеу үшін барлық 264 ХҚКО Ахуалдық орталығына қосылды, оның мамандары шынайы уақыт режимінде қызметкерлердің жұмысын бақылайды.
Бұл туралы Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барған сапар барысында Астана экономикалық форумының шетелдік қатысушыларына мәлімделді. Қонақтар арасында Электрондық үкімет басқармасының төрағасы Бахрейна Мухаммед Аль-Каед, Египет электрондық үкімет басқармасының басшысы Ахмед Камал,  Alphaworks.com төрағасы Эрин Гленболды.
"ХҚКО" РМК  бас директорының орынбасары Шоқан Әбділмановтың айтуы бойыншабейнекамералардың айтарлықтай көп саны мамандандырылған ХҚКО-ларда орнатылған.«Мамандандырылған ХҚКО-ларда медкомиссиядан өту, айыппұлдар мен салықтарды жабу, агрегаттарды салыстыру, жүргізуші куәліктерін беруге тестілеу, автодромда практикалық емтихан тапсыру және т.б. сияқты ілеспе қызметтердің көрсетілуіне байланысты барынша көп бейнекамералар орнату қажеттілігі бар. Мысалы, Алматыдағы ең ірі мамандандырылған ХҚКО-да 77, Астана мамандандырылған ХҚКО-сында – 68, Талдықорған мамандандырылған ХҚКО-сында – 63 бейнекамера орнатылған»,- деп қосып өтті ол.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін мониторингілеу кезінде «ХҚКО» интеграцияланған ақпараттық жүйесі маңызды рөл ойнайды, ол ХҚКО қызметкерлерінің қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдерін сақтауын бақылауға мүмкіндік береді. Егер стандарт бойынша қандай дабір құжатты алу үшін 20 минут қажет болса, ал клиент қызметті белгіленген мерзімде алмаса, ахуалдық орталығының қызметкерлері "мерзімін кешіктірудің" себебін анықтайды. Егер мерзімін кешіктіру ХҚКО қызметкерінің кінәсінен болса, оған тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.
Қызметті алу уақытын есептеу азаматтың талон алған сәтінен бастап дайын құжатты алғанға дейін жүргізіледі. Ахуалдық орталығының қызметкерлері клиенттердің кезек күту уақытын, оларға қызмет көрсету уақытын, берілген құжаттардың санын, сондай-ақ клиенттердің ХҚКО инспекторларының жұмыс сапасын бағалау нәтижелерін тіркейді.
Бүгінгі күні ахуалдық орталығына барлық 264 халыққа қызмет көрсету орталығы, оның ішінде 9 мамандандырылған ХҚКОқосылған. 2015 жылдың соңына дейін Ақтөбе және Қостанай қалаларында тағы да екі мамандандырылған ХҚКО-ны қосу жоспарланып отыр, олар да ахуалдық орталығына қосылатын болады.

Алпысбаев Акбар,
Инспектор отдела №2 Бухар-Жырауского района
РГП «ЦОН» по Карагандинской области
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»