Социальная защита населения  


ID вопроса: 95
  30.03.2016

Вопрос:

Ассалаумагалейкум Аким мырза, мен Акжар ауылынын тумасы едим сизге сол ауылдын жолы жайлы айтайн дегенмин коптен дурыс жондеу кормеген кыс бойы дурыс жолда болмады кашанда барайн десен жол жок деп айтады ауылдагы аке шешем енди мине сол кыс бойгы кар жолдан шыгарылмай ми батпакка айналды жол,сол маселени колга алсаныз деп отиниш билдирип отырмын тек оз атымнан емес ауыл халкы атынан отиниш бир битпес маселе болды тек сиз комек бермсениз болмайын деп тур улкен отиниш.

Ответ:

Құрметті Қылыш Сақанұлы!
Сіздің өтінішіңіз бойынша хабарлайтынымыз, 2015 жылы аудан бойынша су тасқыны кезінде 20-шақты автомобиль жолдары апатты жағдайға келген және 300-дей үйлер бұзылған. Аудандық бюджеттің қаражаты жеткіліксіз болғандықтан Ақжар ауылына кірме жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінбеді. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша Ақжар ауылына кірме (5 шақырым) жолында тек ағымдағы жөндеуге 1 млн. 381 мың теңге қаржы бөлінген, мердігер компаниялармен қиыршық тастар төселді, көпірге де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қыс мезгілінде кірме және ауыл ішінің жолдарын қардан тазалауға 2015 жылы аудан бюджетінен 750 мың теңге, 2016 жылы 700 мың теңге бөлініп, жолдар қардан тазаланып тұрды.
Егер Сіз жауаппен келіспесеңіз ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы" Заңының 12-бабына сәйкес, шағым жазу құқыңыз бар.

Құрметпен,
Н.Кобжанов

Вернутся назад