100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Альмагамбетов Каппас Ибраевич

Қаппас Ыбрайұлы Әлмағамбетов

1923 жылдың 3 қантарында Қарағанды облысы Ульянов ауданының Буденный атындағы совхозында туған. Мектеп бітірген соң, 1942 жылдан 1949 жылдарына дейін Советтік Армия қатарында әскери қызметтен өтті.

Өзінің еңбек жолын Ульянов және Тельман аудандарының мемлекеттік санақ органдарында бастады, аудандық санақ басқармасының бастығы болып қызмет етті.

1963 жылдан бастап Тельман аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

1973 жылдан бастап Тельман аудандық халықтық бақылау комитеттінің төрағасы болып қызмет етіп, 1986 жылдан зейнеткерлікке шығып, персоналды зейнеткер болып келеді.

Қ.Ы. Әлмағамбетов Токаревка поселкесінің қария тұрғыны.

Аудан, поселканың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, Ақсақалдар Кеңесінің, Ардагерлер Кеңесінің мүшесі болып келеді.

Көп жылғы табысты еңбек еткені үшін Үкімет наградаларымен марапатталды.

Бірнеше рет аудандық, поселкелік халық депутаттары Кеңесінің депутаты ретінде сайланды.

«Бұқар-Жырау ауданың құрметті азаматты» жоғары атағы Қ.Ы. Әлмағамбетовке Бұқар-Жырау аудандық Маслихаттың 2001 жылдың 25 тамыздағы XIV сессиясының шешімімен берілді.


Размещение информации: 23 Октября 2015 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»