100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Досанова Несибельды Сагимбековна

1941 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды облысы Ульянов ауданы Доскей ауылында дүниеге келген. Доскей ауылындағы мектептің 7 сыныбын  бітірген. 10 жасынан бастап әкесіне мал бағуға көмектескен.
1958 жылы «Победа» совхозының екінші бөлімшесіне сауыншы болып жұмысқа орналасқан.
1963 жылы аудандық Кеңеске депутат болып сайланды.
«Еңбек қызыл ту» орденімен марапатталған.
1975 жылы ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1991 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Қазіргі кезде Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы Доскей ауылында тұрады.
«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғарғы атағы Несібелді Сағымбекқызы Досановаға Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2006 жылдың 9 қазанындағы XXXI сессиясының шешімімен берілді.


Размещение информации: 23 Октября 2015 13:37
Последнее редактирование информации: 18 Августа 2016 10:33
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»