100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Мәулет Мәненұлы Мәненов

Мәулет Мәненұлы Мәненов

1913 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданының 10-ші ауылында туған. Бастауыш мектепті Баянауылдың мектебінен бітіріп, Семей Педагогикалық техникумның даярлық бөліміне түсті.

1932 жылы Қарағанды қаласы балалар үйінің тәрбиешісі, кейіннен сол балалар үйінің директоры болып қызмет етті, одан кейін Шалқар орта мектебінің директоры болды.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1945 жылдан «Крепость» колхозының төрағасы, 1952 жылы Ворошилов аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы, қөп жыл аудпартком бюросының мүшесі, ауыл партком атқару комитетінің мүшесі болды.

1952 жылдан – Жезқазған аудандық Кеңесінің төрағасы, 1956 жылдан – Ворошилов ауданы, Киров атындағы колхоздың төрағасы, Ворошилов аудандық Кеңесінің төрағасы, 1961 жылдан – Ульянов ауданы, «Қызыл Октябрь» совхозының директоры қызметтерін атқарды.

Жемісті көп жылдық еңбегі үшін Мәулет Мәненұлы Ленин орденімен, Қазан Революциясы орденімен, II дәрежелі Отан Соғысы орденімен, «Еңбектігі ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ерлік еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.

1974 жылдан Республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққан.

Казіргі уақытта Бұқар-Жырау ауданының Ақөре селосында тұрады.

 


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
Оркестр имени Таттимбета открывает новый концертный сезон 26 сентября 13 Сентября 12:12
Скрининг бизнеса проводят в Карагандинской области 13 Сентября 11:37
Фронт-офис открыли в суде Балхаша 13 Сентября 11:06
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»