100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Аринов Пасевной

1939 жылы 26 сәуірде Қарағанды облысы Ворошилов ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.   
1962 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған соң, Пушкин учаскелік емханасының бас дәрігері болып тағайындалды. 
Осы жылы аудандық ауруханасының хирург дәрігері қызметіне ауысады.
1967-2004 жылдары Димитров учаскелік ауруханасының бас дәрігері.
2004 жылдан бастап осы күнге дейін Корнеевка селосы учаскелік ауруханасының терапевт дәрігері қызметін атқаруда.
Бірінші білікті санаттағы терапевт дәрігері.
15 жыл  бойы  облыстық  денсаулық  сақтау  және  облыстық  медицина  қызметкерлері  комитетінің  ауыспалы  Қызыл Туының  иегері  болды.
Ұзақ жылғы әрі нәтижелі еңбегі жоғары бағаланып, Пасевной  Аринұлына  «Денсаулық  үздігі», «1974 жылы  социалистік  жарыстардың  жеңімпазы» белгілері, «Құрмет  белгісі» ордені, «Еңбек  ардагері», «Ерең еңбегі үшін», «Владимир  Ильич  Лениннің  туғанына  100  жыл  толуына  байланысты  ерең еңбегі  үшін», «Тыңға 50 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдары тарту етілді. Қарағанды  облысының Құрмет  тақтасына  енгізілді.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданы Керней селосында тұрады.
«Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы» атағы Посевной Ариновқа Бұқар жырау аудандық мәслихаттың 2013 жылдың 19 тамызындағы XVI сессиясының № 8 шешімімен берілді. 


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 18 Августа 2016 10:42
В Карагандинской области обсудили проблемы малого и среднего бизнеса 27 Сентября 16:38
В Абае прошёл областной форум сельских женщин 27 Сентября 16:35
В Каркаралинске спустя полвека собрали первый состав ансамбля «Салтанат» 27 Сентября 16:30
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»