100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Айтжан Жарылғасынұлы Жүніспеков

1949 жылы туған.
1962 – 1972 жылдар аралығында Қарқаралы зооветтехникумында оқып, оқуды аяқтағаннан кейін, Ульянов ауданының Пушкино атындағы совхозында ветеринарлық фельдшер, мал шаруашылығының бригадирі, бөлімше зоотехнигі болып жұмыс істейді.
1966 - 1969 жылдар аралығында Ульянов ауданының Пушкино атындағы совхозында малшы, механизаторшы болып жұмыс істеді.
1976 жылы Пушкино атындағы совхозының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланады.
1981 жылы Алма-Атаның жоғары партиялық мектебіне оқуға жіберіледі. кейін Ульянов аудандық партия комитеті аппаратында насихаттау және үгіттеу бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істейді.
1985 жылдың қазан айында Бабаев атындағы совхозының біріншілік партиялық ұйымының хатшысы болып сайланады.
1990 жылдың сәуір айнда Ульянов аудандық комитеті партиясының хатшысы болып сайланып
1991 жылдың қарашасынан 1992 жылдың наурыз аралығында ауыл шаруашылық басқармасында іс-қағаздарын жүргізу бойынша бас маманы қызметін атқарады.
1992 жылдың  наурыз айынан бастап аудандық әкімшілік басшысының орынбасары, бірінші орынбасары
1996 жылдың мамыры мен 1997 жылдың наурызы аралығында аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарады.
1997 жылдың наурызында  «Ақбел» ашық түрдегі акционерлік қоғамының  президенті болып сайланады.
1999 жылдың қараша айынан бастап аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланады. Бұқар жырау аудандық мәслихаттың екінші, үшінші, төртінші, бесінші шақырылымдарының хатшысы қызметін атқарып отыр.
Айтжан Жарылғасынович – 1999 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2014 жылы «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейлі медальдарымен, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төс белгілерімен  марапатталды. 
Облыстың, ауданның қоғамдық және саяси өмірінде белсенді қатысады, ауданның тұрғындары арасында құрметке ие.

 


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
В Карагандинской области обсудили проблемы малого и среднего бизнеса 27 Сентября 16:38
В Абае прошёл областной форум сельских женщин 27 Сентября 16:35
В Каркаралинске спустя полвека собрали первый состав ансамбля «Салтанат» 27 Сентября 16:30
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»