100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Айхамбай Құлжанұлы Құдабаев

1961 жылы 7 сәуірде туған.
Еңбек жолын 1978 жылы Ленин орта мектебін аяқтағаннан кейін, Тельман ауданының «Ленинский» совхозының №3 комсомол-жастар бригадасының трактористі болып бастады. 
1979 жылдан 1981 жылға дейін Кеңес әскерінде қызмет етті.
1981 - 1985 жылдар аралығында тракторист қызметін жалғастырады. Содан кейін «Ленинский» совхозының комсомол комитетінің хатшысы қызметінде жұмыс істеп, сол уақытта Целиноград ауыл шаруашылық институтында сырттай оқу оқиды.
1990 жылдан бастап аға аграномы қызметін атқарады.
1993 - 1996 жылдар аралығында жеке кәсіпкер.
1996 жылдың қараша айында совхоздың жалпы жиналысында «Ленинский» совхозының директоры болып тағайындалады.
1998 жылы өзінің «Айхан» шаруа қожалығын ұйымдастырып, бүгінгі күнге дейін осы шаруашылықтың басшысы болып қызмет етеді.
Айхамбай Құлжанұлы 1998 – 2007 жылдар аралығында мәдениет үйін, балабақша, моншаны қаржымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, селолық дәрігерлік амбулаторияны жөндеуде демеушілік етті. Жыл сайын «Дом милосердия», «Ардагерлер кеңесі», Қарағанды қаласының «Дети за жизнь», Ленин ОМ, «Василек» балабақшасына демеушілік етті. Самарқанд ауылының мәдениет үйімен өткізілетін шараларға демеушілік етеді. Бұқар жырау ауданының 70-жылдығын, Самарқанд селосының 100-жылдығын мерекелеуде белсенді көмек көрсетті. Жыл сайын «Қарттар күні», «Жеңіс күні» мерекелерін өткізуде демеушілік етеді. Сонымен қатар, ауылды абаттандыру мен көркейтуде де демеушілік етеді.          «Ауыл-береке» ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде белсенді қатысады.
2012 жылы облыс Мәслихатының бесінші шақырылымының депутаты болып сайланады.


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 18 Августа 2016 10:44
В Карагандинской области обсудили проблемы малого и среднего бизнеса 27 Сентября 16:38
В Абае прошёл областной форум сельских женщин 27 Сентября 16:35
В Каркаралинске спустя полвека собрали первый состав ансамбля «Салтанат» 27 Сентября 16:30
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»