100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Владимир Иванович Белоиван

1940 жылы туған.
1957 – 1962 жылдар аралығында Алма-Атаның зооветеринарлық инситутының зоотехникалық факультетін бітірген.
1966 жылға дейін Ульянов ауданының «ХХ Партсъезд» атындағы совхозында бас зоотехник қызметін атқарды.
1966 жылдың қазан айында Тельман ауданының ауыл шаруашылық басқармасының бас зоотехнигі қызметіне ауыстырылады.
1969 жылдың қыркүйек айынан бастап «Есенгелді» совхозының директоры болып қызмет атқарады.
1974 жылы маусым айында «Волынский» совхоз-комплексіне директор болып жолданып 2000 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет атқарады.
2000-2010 жылдар аралығында «Сомер» шаруа қожалығының басшысы, ал 2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Жеңіс» шаруа қожалығының басшысы болып қызмет етті.
Еңбек жолы ауыл шаруашылық өндірісті дамытумен байланысты. Облыстық, аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Кеңес одағының коммунистік  партиясы обкомының, Қазақстанның ауыл шаруашылық Министрлігі коллегиясының мүшесі болды.
1989 жылы  КСРО-ның халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің шошқа өсіру шаруашылығын дамытудағы жетісіктері үшін Алтын дипломымен марапатталды.
1973 жылы КСРО-ның жоғарғы Президиумы Кеңесінің жарлығымен «Знак Почета» орденімен, Қазақстанда тың жерлерді игерудің 20 жылдығы, 25 жылдығы құрметіне арналған төсбелгілермен, 1970 жылы КСРО-ның жоғарғы Президиумы Кеңесі атынан «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина», 2002 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2004 жылы «Тыңға 50 жыл», 2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекелік медальдарымен, 2014 жылы аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 18 Августа 2016 10:45
Оркестр имени Таттимбета открывает новый концертный сезон 26 сентября 13 Сентября 12:12
Скрининг бизнеса проводят в Карагандинской области 13 Сентября 11:37
Фронт-офис открыли в суде Балхаша 13 Сентября 11:06
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»