100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ВЫСТУПЛЕНИЕ ПРЕДСТАВИТЕЛЯ ПАРТИИ «НУР ОТАН» ПРИ КОРПОРАЦИИ КАЗАХМЫС ПО КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ТАЙГОКОВА А.М. НА АКТИВЕ ПО ОБСУЖДЕНИЮ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А.

Елбасының 5 қазандағы халыққа Жолдауы барлық Қазақстан жұртшылығы сияқты Қазақмыс корпорациясының еңбекшілерінің де көңілінен шықты.
Кен байыту фабрикасында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін, бұл жолдау біздің әл ауқатымызды ең жоғары сатыға көтеретін үлкен құжаттардың бірі.
Өйткені ең төменгі жалақының өзін бір жарым есе артыруы - қаншама халықтын тұрмыс жағдайын жақсартып, оларды алдағы күндерден үлкен жақсылық күтуіне әсер етпек.
Екінші бір жағынан, әрине, біздің Қазақмыс корпоряциясының еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығымен салыстыруға келмейді. Соған қарамастан біздің әр күніміз, әрбір сағатымыз еңбек өңімділігін барынша артыруға, барлық техникаларымызды цифрландыруға, әрбір механизмның орынды жұмыс жасауына бағытталып отыр.
Екінші үлкен мәселе - білім саласы. Бұл салаға да Қазақмыс корпорациясы миллиардтаған қаржы жұмсап, кәзіргі заманда озық техниканы меңгерген жастар тәрбиелеуге қатты мән беріп отыр. Бүгінгі күннің өзінде Қарағанды техникалық университетінің кафедраларында білім алып жатқан студенттер біздің зауыттарда жұмыс істеп жатыр. Бұның өзі жастарды барынша техникаға баулып, оларды ең жоғарғы еңбек өнімділігін алатын машиналармен жұмыс істеуге баулу.
Еңбек өнімділігін арттыру ең бірінші ішкі өнімнің көлемін арттырады, салықты көбейтеді, яғни, халықтын ауқатын жақсартуға күш салады.
Жалпы жолдауда айтылған барлық мәселелер, тұрғын үй мәселесі болсын, электр жабдықтары болсын, басқа да халықтын өмірін жақсартатын салалардың барлығы - біздің көңілімізден шыққанын біз мақтанышпен айта аламыз. Өйткені әрбір қосылған тиын, әрбір бөлінген қаражат отбасымыздың тұрмыс жағдайын жақсартады.
Бүгін міне мұғалімдер жөнінде, дәрігерлер жөнінде олардың қызметіне жұмсалатын ақша жөнінде, бір талай жақсы жаңалықтар айтылды. Біз жалпы өндіріс орындарында бұл мәселелерге қатты мән бермесек те, дәрігерлер мен ұстаздардың жағдайының жақсаруы, білім мен медицинаның қарышты дамуына қол жеткізбек. 
Жалпы жолдаудан біздің түйген қорытындымыз, бұл бәріміздің көнілімізден шыққан үлкен құжат, оны біз басшылыққа алып, барлық белгіленген салаларда орындауға күш салуға тырысуымыз керек.
Біздің Қарағанды аймағының өзінде корпорацияның Нұр отан партиясынын құрамында 9,5 мың адам бар. Жолдау қабылданған күні партия мүшелері жиналып, үлкен кеңес өткізді.
Ең соңында айтарым, жаңа, аудан басшысы үлкен міндеттерді жүктеді. Сол тұрғыда сіздер де жаңа биіктерден көріне беріңіздер. Өйткені біздің Нұрқазғанда істейтін 1300-дей адам сіздердің территорияларыңызда енбек етіп, яғни сіздердің аудандарыңыздың өркндеуіне тікелей ат салысуда.
Бізге қарасты «Қушоқы көмір разрезі» мен «Транка Нура» кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жұмысшылар мен олардың туғандары да тікелей осы ауданға қатысты, олардың жағдайының жақсаруы, біз бен сіздің де жағдайларыңыздың жақсаруына әсер етеді деп ойлаймын.

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

В частных школах Караганды дети смогут учиться по госзаказу 27 Августа 13:38
Ерлан Кошанов встретился с послом ЮАР в РК 27 Августа 11:34
«Правительство для граждан» зарегистрировало более 2 млн заявлений по регистрации недвижимости 27 Августа 11:31
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»