100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ ПЕРЕД НАСЕЛЕНИЕМ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ, О ХОДЕ ИСПОЛНЕНИЯ ПРОГРАММЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ АКТОБИНСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА ЗА 8 МЕСЯЦЕВ 2019 ГОДА И ЗАДАЧАХ ПО ПОВЫШЕНИЮ БЛАГОСОСТОЯНИЯ ЛЮДЕЙ АКИМА КАЗТАЙ Б.К.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, сіздердің назарларынызға халық алдында, жергілікті қоғамдастықтар алдында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің атқарған жұмыстарын ұсынамын.

    Ақтөбе ауылдық округінде 1145 адам тұрады, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 428 адам құрайды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 290 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 135 адам, жұмыссыз 3 адам бар.

    Округ бойынша мүгедектер саны  55 адам оның ішінде 1 топтағы мүгедектер 6 адам, 2 топтағы мүгедектер 20 адам, 3 топтағы мүгедектер 24, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 5 адам. Жеке көмекшілері барлар 3 адам. Жеке оңалту бағдарламасы 90 пайызға қамтылған. Адрестік әлеуметтік жәрдемақысын 13 отбасы алады. Тыл еңбеккерлері 8 адам.

 Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

     Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, мемлекеттік қызмет брошюралары таратылуда, көбінде электронды қол таңба жоқ. Мемлекеттік қызмет бойынша жиындар ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мүгедек азаматтарға мемлекеттік қызмет алуға жағдай жасалған.

     «Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі мамандарымен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының сапасын арттыру бағыты бойынша күнделікті жұмыстар атқарылуда. Әкімдік ғимаратында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орыны бар.

Өтініштерді қарастыру бағыты бойынша

     Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін уақтылы орындау жұмыстары күнделікті қадағалануда. 2019 жылдың 8 айлық көрсеткіші бойынша 35 өтініш қарастырылды, барлық өтініштер қанағаттандырылды.

Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бағыты бойынша

     Ақтөбе ауылы бойынша ауыз су құбыры қанағаттандырылық жағдайда, ауылды қамтамасыз етеді, сенімгерлік басқарушылықта.

     Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоның құжаттары рәсімделді әділет басқармасына тіркелді. Эмиссияға рұқсат құжаты жасалуда.

     Жергілікті қаражатқа Ақтөбе ауылының көше жарықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді, Ынтымақ ауылында көше 24 жарық нүктелері орнатылды құжаттры рәсімделуде.

Экономика және қаржы бағыты бойынша

     Жергілікті қаражат жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық комитетінің кеңесімен келісілген жоспары бойынша тиісті жұмыстарға жұмсалуда.     

Мемлекеттік активтер және сатып алу бағыты бойынша

     Отқазандық ғимаратының, екі ауыл ішінің жолдары коммуналдық меншікке қоятын құжаттары әзірленуде толықтай әзірленіп болған соң тіркеуге міндетті түрде қойылады. Балабақша ғимараты құжаттары рәсімделді әділет басқармасына тіркеу  үшін мемлекеттік сатып алу бөліміне тапсырылды.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік бағыты бойынша

     Округ тұрғындарына кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Несие алып кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтар бар.

     Ынтымақ су қоймасының жанынан туризм ашу жобалары туралы жарияланды, үміткерлер іздестірілуде.

     Ауылдық округ тұрғындарына монша, наубайхана, дәріхана, шаштаразы және т.б. кіші кәсіпкерлік объектілерін ашуға ұсыныстар айтылды нәтиже жоқ.

     «Жол картасы бизнесі 2020» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Инфляциялық процесстер бағыты бойынша

     Округ бойынша Ақтөбе және Ынтымақ ауылдарында бір-бірден екі дүкен бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтермеу туралы кәсіпкерлерге ескерту  жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы бағыты бойынша

     2019 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда  2019 жылдың шілде айының көрсеткіші бойынша ҰММ 547 басқа өсті, ІҚМ 517 басқа өсті, жылқы 117басқа өсті.

     Ауыл шаруашылық жер телімдерін электронды картаға енгізу жұмыстары шаруа қожалық басшыларының жер құжаттарынына салғырт қарауына яғни тиісті түрде рәсімделмеуіне байланысты округіміз аудан бойынша төмен пайыз көрсеткішіндеміз.

      Округ тұрғындарына және шаруа қожалықтарына, аудандық тапсырма бойынша жалпы соммасы 60,0 млн теңге құрайтын 5 арнайы ауыл шаруашылық техника алынуы жүктелген. Шаруа қожалықтарының алған техникалары мен құралдарына тиісті құжаттарын ұсынып, ауылымыздың инвестициялық көрсеткішін көтеруге мүмкіндік береді.

       Округ бойынша қыс мезгіліне ауыл шаруашылық жануарларына шөп дайындау 90 пайызға орындалды.

Ветеринария бағыты бойынша

     Округ тұрғындарына кәсіпкерлік ашып мал сою орындарын ашуға, өлген малдарды көму қорымын жасау жұмыстары туралы түсіндіру жүргізілді ашуға ниетті тұлғалар қарастырылуда. Жеке меншік малдарына ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін мал қамау орыны жасалған.

Жер қатынастары бағыты бойынша

     Округ бойынша шаруа қожалықтарымен жалпы көлемі 1680га ауыл шаруашылық жер телімі игерілді, оның ішінде  950 га бидай, 570 га арпа, 80 га картоп, 80 га көп жылдық екпе шөп егілді. 

      Жер қатынастар жұмысы бойынша, тиімді пайдаланылмай жатқан 47 ауыл  шаруашылық жерлер иелеріне ескерту қағазы табысталды. III тоқсаннан бастап әкімдік аудандық жер инспекциясымен бірлесе тексеру, анықтау жұмыстарын жүргізеді. 

Білім саласы бағыты бойынша

      Білім беру саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға, бала санын көбейтуге, оқушыларға сапалы білім қызметін беру қолға алынуда. Ол үшін мектептерде, амбулаторияда, клубтарда салауатты өмір салты насихатталып әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Дене шынықтыру және спорт бағыты бойынша

     Ақтөбе және Ынтымақ селоларында орналасқан кордтарда кешкі мезгілде күн сайын футбол ойындары өтеді. Мереке күндеріне арнайы жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Жақын орналасқан округтермен жиі футболдан сайыстар ұйымдастырылады. Осыған қарамастан округіміздің мектеп қабырғаларында арнайы секциялар ұйымдастырылмаған, нәтижесінде аудандық жарыстарға қатысудан округіміз  төмен пайыз көрсеткішінде.

Жұмыспен қамту бағыты бойынша

     Жұмыссыздықты төмендету жолы жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған тұрғындарды бос жұмыс орындарына орналастыру. Ағымдағы жылға жоспар - 90 адам, орнындалғаны - 42 адам немесе 45 % .

     Несие алып  жеке кәсіпкер болып ашылам деп ниет білдіруші 14 адамның 14 оқып сертификат алды  9 адам 32 млн. көлемінде несие алып жұмыс жасауда, 5 адам қаражат бөлінуін тосуда.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік 2017-2021» бағдарламасы бағыты бойынша

     I бағыт бойынша қысқа мерзімді оқуда 1 адам. II бағыт бойынша несие алып кәсіпкерлік ашу үшін 14 үміткер кәсіпкерлікті дамытуды оқып сертификат алды, III бағыт бойынша жастар практикасын 1 адам «Нұрадил» шаруа қожалығында өтуде. Қоғамдық жұмыспен 3 адам қамтылды.

Адрестік әлеуметтік көмек бағыты бойынша

    Ағымдағы жылдын 1 қыркүйек көрсеткіші бойынша округтегі 13 жаңұяға АӘК тағайындалды.

Қазақстан  Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бағыты бойынша

     Мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы істері туралы хабарлау үшін «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Келушілердің мемлекеттік қызметшілердің  этикасын бақылау кітабы мен сенім телефонының номері, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік бар. Әкімнің тұрғындарды жеке қабылдау кестесі жасалған.

     Қазақстан  Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты мамандардың орындаушылық тәртібін көтеру бойынша түсіндіру жұмысы әкімдік аппараты жиынында  ұдайы тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасы Кешенді жоспарының іс-шараларының  орындалуы бойынша

     Ақтөбе ауылдық округі тұрғындарына территорияларын, аулаларын санитарлық тазалыққа сай ұстаулары туралы жиындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді және күл-қоқыстарын төгуге арнайы орындар жасаулары туралы айтылды. Көшелерді тазалықта ұстау мақсатында әкімдіктін ұйымдастыруымен апта сайын сенбіліктер болады.  Территорияларын, аулаларын санитарлық тазалыққа сай ұстамаған тұрғындарға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатындығы туралы ескертілді.

     Құқық бұзушылықты болдырмау  және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында село көшелері жарықтандырылды.

     Кәмелетке  толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында сабақтан тыс оқушылардың ата-аналарының қатысуымен  полиция қызметкері  мен аппарат мамандары ай сайын рейд жүргізеді.

     Ақтөбе ауылдық округі тұрғындарына елді мекендердегі мал ұстау орындарын техникалық нығайтулары туралы және мал ұрлығының алдын алуға малдарды қараусыз бос жібермеу туралы аппарат мамандары учаскелік полиция инспектормен бірлесе жиындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы орындауда Ақтөбе селосында  дәрігерлік  амбулатория  жұмыс жасайды,  арнайы автокөлігі бар және 4 маман халыққа қызмет көрсетуде. Ынтымақ селосында медициналық пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады.

Проблемалық сұрақтар

1. Ынтымақ ауылына ауыз су құбырларын тартуға аудандық бюджеттен қаражат бөлінуі талап етіледі.

2. Ауылдар ішіндегі жолдарды оңдауға аудандық бюджеттен қаражат бөлінуі талап етіледі.

3. Интернет желісін орнатуға аудандық бюджеттен қаражат бөлінуі талап етіледі.

4. Көктемгі су тасқыны салдарынан бұзылып қалған Ынтымақ ауылының бойындағы Темиртау-Киевка тас жолындағы Көкпексай көпірінің жаныңдағы қорғаныс бөгетін жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлінуі талап етіледі.

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Глава государства провел ряд встреч 31 Октября 18:41
В Жанааркинском районе 15 многодетных семей отметили новоселье 31 Октября 16:55
В Темиртау заключили меморандум о снижении вредных выбросов 31 Октября 16:53
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»