100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Мәуліт мерекесі

2014 жылдың ақпанның 16 жұлдызында сағат 17.00 Ботақара кентінің мәдениет үйінде Мәуліт мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылған «Адамзаттың асалы» атты рухани кеш өткізілді. Ұйымдастырушылар «Жыржыс қажы» мешіті және Ботақара кент әкімдігі. Рухани кеш құран оқылуымен басталды. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі Өмірзақ қажы Бекқожа уағыз айтып рухани кешті жалғастырды. Бұқар Жырау ауданының әкімі Н.С. Қобжанов  мырза Ботақара кентінің тұрғындарын және қонақтарын Мәуліт мерекесімен құттықтап, ұйымдасырылып жатқан шаралардың маңыздысын атап өтті. Махмұд қажы және ауыл имамдары Мәулітті оқып  рухани кешті жалғастырды. «Адамзаттың асалы» атты рухани кештін қонақтары Хазірет сұлтан мешітінің бірінші орынбасары Қуат қажы теология негіздеріне көрермендердің назарын аударды, Дидар Қалиев кешке арнау дайындап, кештің арнайы қонақтары «Сәт» тобы рухани және Майемеров Қайролла, Жұмағали иләхи әндерімен көрермендердің жүректеріне жете білді.
Кешкі сағат 19.00 Мәуліт мерекесіне арнайы барлық қонақтарға және кент тұрғындарына Жібек жолы мейрамхансында ас берілді.
Мәуліт мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылған «Адамзаттың асалы» атты рухани кешке ат салысып, белсене қаржылай көмек көрсеткен Бұқар Жырау ауданының мекемелеріне алғысымызды білдіреміз.

Ботақара кентінің әкімі
М.К. Жұмашев


Размещение информации: 23 Октября 2015 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»