100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Отчет акима

Ақбел ауылдық округі әкімінің 2014 жылға қорытынды және
2015 жылға міндеттері туралы есебі

Өткен жылдың басты оқиғасы - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан  халқына  жолдауы.  Жалпы ұлттық  идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын «Нұрлы Жолға» айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажетет етін, келешегі кемел «Нұрлы жолда» бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – халықтың біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясына ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры.  Мәңгілік Ел – барша Қазақстандықтардың құндылығы.
  Ақбел  ауылдық округінде халық саны-824, оның ішінде экономикалық  белсенді халық саны -405, жұмыспен қамтылған-236 адам, жұмыссыз ретінде  тіркелген -9 адам, жәрдем ақы алатын-12 отбасы, тұрғын үй көмегін алатын-1 отбасы, атаулы әлеуметтік көмек алатын-1 отбасы.
Округ  аумағында  42 шаруа  қожалығы  және 3 жеке кәсіпкер тіркелген.  Жыл қорытындысы бойынша округте  26 адам жұмыспен қамтылды.
Округте 19  тыл  ардагері  тұрады. Жеңіс күні, қарттар мейрамында  мерекелік шараға шақырылып көңіл бөлінеді.
Ауыл шаруашылығының  негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылады. 2014 жылы   ірі қара мал басы -2193,  ұсақ мал басы -3415, жылқы -904 бас тіркелді. Округ шаруа қожалықтары 800 га көлемінде дәнді-дақыл екті.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бірінші бағыт бойынша Қарағанды гуманитарлық колледжінде бір адам оқуын жалғастыруда.
Екінші бағыт бойынша өз кәсібін ашуға бес жобаға несие берілді, жалпы соммасы 10 млн.теңге құрады. Несиенің  негізгі мақсаты мал шаруашылығын дамыту.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аян» шаруа қожалығы  Қозбағаров Қабдул-Хамит  8 млн.700 мың.теңге несие алды,  асыл тұқымды 3 бұқа және 43 бас ақ бас сиыр алды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 852 мың. теңге қаражат бөлінген. Ауыл халқының сұрауы бойынша иесіз жатқан күл-қоқыс шығарылды  және  Алабас ауылында  2 дана, Құрама ауылында 4 электр жарығы орнатылды.
Жалпы округ бойынша  ауыл  көшелеріне  44 электр жарығы орнатылған. Су мәселесі бойынша Ақбел ауылында 2 скважина, бір су қоймасы арқылы халық таза сумен қамтамасыз етіледі. Аталмыш су қубырларын  МКК   «Ботақара Су Қожалығы »  қызмет көрсетуіне берілді.
Кесте бойынша «Қарағанды-Ботақара-Ақбел» маршруты бойынша 84 автобус 2 мезгіл қатынайды. Ауыл тұрғындарына өте қолайлы.
Жыл басынан бастап  ауылдық клуб үйінде  әр мереке күндеріне арналған мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Аталмыш  шараларға  ауылдың кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары демеушілік көрсетеді. 2014 жылы ауыл көркемөнерпаздар ұжымы аудандық творчестволық есеп бойынша 3 орын алды. Сонымен қатар модельдік кітапхана халыққа өз қызметін көрсетуде.
Қ.И.Сәтбаев атындағы мектепте 119 оқушы оқиды,  мектеп жанындағы интернатта жұмыс атқаруда және  шағын орталықта 26 бала тәрбиеленеді,    60 бала тегін тамақтанады.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында дене шынықтыру және спорт  түрлерін әрі қарай дамыту мақсатында ауылда күрес залы ашылды, қазіргі кезде 25 бала күрес секциясына қатысады. Аудандық, обылыстық жарыстарда жүлделі орындар иленуде. Жас өспірімдер арасында  Т.Жамболдинов спорт шеберіне үміткер атағын орындады. Округте 3 медбике жұмыс істейді. Ақбел ауылында бір  медициналық  пункті  орналасқан.  Мектепте, мәдениет үйінде салауатты өмір салты насихатталып, әр түрлі іс- шаралар өткізіледі.
Әкімшілік  ғимаратында  ветеринарлық бөлімі  жұмыс  атқарады,  талапқа сай материалдық техникалық жабдықтармен толық қамтылған. 2014 жылға арналған ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар толығымен жүргізілді.
Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі  көше жолдарын  қардан тазарту жұмыстары атқарылады.
Ақпараттық насихаттау тобы әр мемлекеттік мекемеде, мешітте халықпен кездесу өткізіп  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы, діни экстремизмге қарсы дәрістер оқиды.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету аясында жыл басынан  365 өтініш түсті. Түскен өтініштер толығымен қанағаттандырылды.
Ұлы Жеңістін 70 жылдығына соғыстан оралмаған ауылдастарға арналған мемориалдық  ескерткіш  орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.  2015 жылы  9 мамырда ашу жоспарлануда.
2015 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 784 мың.теңге бөлінді. Бұл қаражат ауылды көркейту жұмыстарына жұмсалу жоспарлануда.
Сонымен қатар округ аумағында ауыл шаруашылығын оның ішінде мал шаруашылығын одан әрі дамыту, мал санын көбейту және асылдандыру жұмыстары жоспарлануда.
«Жұмыспен қамту-2020»  жол картасы мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз кәсіптерін ашуға несие аламын деуші ауыл тұрғындарынан өтініштер қабылдануда.
2014 жылы халықтың сурауы бойынша жиналыс өткізілді. Өзекті мәселенің бірі ауыл халықының малын бағу, жиының қортындысы бойынша бақташыларды сайлап олармен келсім шарт жасалды.
Әр түрлі сұрақ мәселе бойынша округ бөлімшілерінде халықпен кездесу өткізіледі.
Кәзіргі кезде шешілмей жүрген сұрақтардың бірі:
Мектеп ғимаратының төбесін жөндеу, Құрама ауылында су мәселесін шешу, ауыл ішкі жолы  және Алабас ауылына баратын тас жолды жөндеу  
Алдағы уақытта  ауыл  тұрғындарын  қолдан  келетін  іс- шараларды  бірлесіп атқаруға шақырамын.
 


Размещение информации: 23 Октября 2015 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»