Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-R-1 санаты үшiн: Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарынасәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
Е-R-1 |
142 412 |
192 382 |
«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлері арасындағы өкілеттіктерді және функционалдық міндеттерін; стратегиялық және ағымдағы жоспарларды анықтайды; өз құзырындағы тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық сұрақтар бойынша кенттер, ауыл және ауылдық округтер әкімі аппараттарының қызметтерін үйлестіреді; аудан тұрғындарын электр энергиясымен, жылумен, сумен, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады; жылыту маусымының нысандарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізеді және қамтамасыз етеді; жол құрылыстарын және жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Бөлімнің қаржылық – шаруашылық сұрақтарын жүргізеді, мемлекеттік сатып алуды жүргізуді бақылауды жүзеге асырады. Азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергиясы, электр энергиясы, құрылыс) мамандықтары бойынша немесе «қызмет» мамандықтары бойынша (тасымалды ұйымдастыру, көліктің қимылы және пайдалануы). Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады: соғыс ардагерлеріне, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне, батыр аналарға, ақталған азаматтарға атаулы көмек, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы көрсету бойынша жұмыстардың жүргізілуіне, жалғызілікті қарт азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің ұйымдастырылуына бақылау жасауды жүзеге асырады; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға бақылау жасайды; қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі; бөлімнің қаржы – шаруашылық қызметі мәселелерін жүргізеді. Азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, менеджмент) мамандықтары бойынша немесе «қызмет» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс). Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е – қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________ ______ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.