100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Бұқар жырау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың  барлық қатысушыларына  қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е–G–3 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

      Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:
Санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е–G–3

90 874

122 392

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8 (72154) 22171, электрондық пошта: бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Центральный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, №10-15, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу, нотариалдық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша өз жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, туған және қайтыс болған азаматтарды есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, осы бағыттар бойынша есептер дайындайды, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттарды уақытылы есепке алуды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, мұрағатқа тапсыру үшін істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға жәрдемдеседі, тәрбие және оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – Жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Центральный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, №17-10, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық - ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама» мемлекеттік қызмет көрсетеді; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – Жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е – қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комиссиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған  лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________            

                                                                                                                                                   

                                                                                                                        ______ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________     

                                                                                                                                            

                                                                                                                                
Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________

__                                                                                         ____________________
________________________________________________________________
________                                                                                                                                                                              ____________________________________
(қолы)                                                                                                                                                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

     «___»_______________ 20 __ ж.

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»