Новости области
Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық жалғасып жатыр

Жылыту маусымына дайындық нәтижелерін қорытындылауға екі ай уақыт қалды. Облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупаның айтуынша, Қарағанды облысы 66,8% қысқа дайын. Оның мәліметтеріне сай, жұмыстар белгіленген кестеден озып келеді.
Жылыту маусымына дайындық жоспарында 56 млрд теңгеден астам қаражатқа жөндеу жұмыстарын өткізу қарастырылған. Ол электр желілерін, қосалқы станцияларды, жылыту жүйелерін жаңғырту, желілерді қалыпқа келтіру, қазандықтарды және электр станцияларындағы турбиналарды жөндеу.
- Жоспарланған 65%-да жылыту маусымына дайындық 66,8% болып отыр, - деді аппараттық жиналыс барысында Анатолий Шкарупа. – Теміртау және Қарқаралы ауданында инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарының жоспарында қалыс қалу бар. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарды дайындауға қатысты Қарағанды, Балқаш, Қаражал, Сәтпаев және Ұлытау аудандарында белгіленген мерзімнен қалу байқалады.
Анатолий Шкарупа қала және аудан басшылықтарына облыстық басқармалармен бірлесе отырып жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үдету қажет екенін атап айтты.
- Біз 60% шегінен аттап өткенімізді атап айтқым келеді. Ол дегеніміз, күзгі-қысқы маусымға дайындық аяқталуға жақын дегенді білдіреді. Қорытынды жасауға 2 ай уақыт қалды. Сондықтан, қала және аудан әкімдеріне барлық көзделген жоспарларды уақытында орындау үшін шаралар қолдану қажет, - деді Анатолий Шкарупа.