Новости области
Нұра кентінде воркаутпен айналысуға арналған спорт алаңы ашылды

Нұра ауданында спорт керуені болып қайтты. Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен жүзеге асырылуда.
Бұл спорт керуенінің үшінші сапары. Осыған дейін қатысушылар Осакаров және Қарқаралы аудандарының тұрғындарымен кездесіп қайтқан болатын. Онда аймағымыздың алдыңғы қатарлы спортшылары шеберлік-сыныптарын өткізген еді.
Нұра ауданына саяхат кезінде осындай кездесулер Шахтерское және Кертінді ауылдары мен Нұра кентінде өтті. Аудан орталығында «Тәуелсіздік» саябағында «Street Workout» жаңа спорт алаңының ашылуы болды.
- Біз Қазақстанның қалалары мен ауылдарында воркаутпен айналысуға арналған алаңдар ашылып жатқанына қуаныштымыз. Нұра кентінің жастары да белсенді түрде осы жерде жаттығып, келешекте облыстық және республикалық сайыстарда жақсы нәтижелер көрсетеді деп үміттенеміз, - деді «Street Workout» Қазақстан федерациясының төрағасы, әлем чемпионы Дияс Биджиев.
Құрметті қонақ аудан әкімдігінің өкілдеріне жаңа спорт нысанына сертификат табыс етті.
Жас нұралықтарға жаңа алаң қатты ұнады. Олар көп кідірместен өз күштерін даладағы гимнастикалық құрылғыларда сынап көрді.
Танымал спортшылар үстел теннисімен және воллейболмен айналысатын балаларға арнап шеберлік-сыныптарын өткізді. Кертінді ауылында жаттығуларды қазақ күресі бойынша Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері Бауыржан Хуаған мен Айбол Әбдікәрім өткізді. Олар жас палуандарға көптеген жаңа әдістер үйретті.
- Тамаша, қажетті акция, - деп атап өтті Нұра ауданының БЖСМ директоры Игорь Пронин. – Осындай жаттығулар мен кездесулер балалар үшін қандай маңызды екенін білсеңіздер ғой. Мен өзім де күреспен айналысқанмын, кезінде спортта пір тұтатын тұлғаларымды кездестіргенде қандай тамаша әсер алғанымды айтып жеткізе алмаймын. Ол балаларға ынта беріп, дамуға септігін тигізері анық. Ең бастысы, табысты спортшыларға қарап, балаларда өздеріне деген сенімділік, солар секілді биіктерге көтерілуге деген ынта арта түседі.
Ворка́ут (ағылшынша workout - жаттығу) – әуесқой спорт түріне жатқызылатын және спорттық субмәдениет болып табылатын дала гимнастикасы. Оның құрамында даладағы спорт алаңдарында орындалатын түрлі жаттығулар бар, дәлірек айтар болсақ, турниктерде, қоссырықтарда, швед қабырғаларында, қолмен жүру бөренелерінде және тағы да басқа құрылғыларда жаттығу.
Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-қызметі таратқан ақпарат бойынша