100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын тойлау жалғасуда

Атақты жырау, мемлекеттік қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған шаралар Қарағанды облысында жыл бойы жалғасады. Мерекенің негізгі тойлау рәсімі Ботақара кентінде 18-ші тамызда өтеді.
Бұқар жырау мерейтойының ресми ашылу салтанаты Бұқар жырау ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен және «Баба рухына тағзым» атты мерекелік іс-шарасымен басталады. Дала сахнасында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрымен Бұқар жыраудың өмірін көрсететін - «Күміс көмей әулие» театрландырылған қойылымы көрсетеледі.
Мерекелік бағдарламада сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (қазақша күрес, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, қыз қуу, көкпар және т.б.) және облыстың шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық және шетел эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасады. Көрермендер алдында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Баспақова, «Хайрулло Дадобоев» дойрошылар фольклорлық ансамблі (Тәжікстан), «Тәттімбет» атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің жеке орындаушылары өнер көрсетеді.
Аталмыш ауқымды іс-шара ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылады, Бұқар жыраудың шығармашылығы арқылы рухани құндылыққа, ұлттық салт-дәстүрге және қазақ халқының тарихына зерделеуге мүмкіндік туғызады.
Бұқар жырау Қалқаманұлы – жыршы-жырау, тарихи тақырыптардың, көптеген аңыз-әңгімелерінің авторы, XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының дамуына аса маңызды үлес қосқан қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-ғибраттық толғау түрінде құрылған. Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуға қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. «Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» - деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы – халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.