Биыл қарағандылық кеншілер өздерінің кәсіби мерекелерін 26 тамыз күні тойлайды. Шахтерлер күні Қарағандыда концерт, байқаулар, жаппай халықтық сайран-сауық өтеді.
Кеншілер мәдениет сарайында 24 тамыз Шахтерлер күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылады. Оған Қарағанды облысының басшылығы, "АрселлорМиттал Теміртау" компаниясының жетекшілері, еңбек ардагерлері, құрметті қонақтар қатысады.
Бағдарламада көмір өндірісінің үздіктерін марапаттау салтанаты мен эстрада әншілері мен Қазақстанның және Қарағанды облысының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді деп жоспарланған.
Облыс орталығының тұрғындарын 25 тамыз орталық саябаққа шақырады. Мұндағы жағалауда сахна орнатылып, сағат 17:00-де «Шахтер жұлдыздары» байқауы басталады. Көмір өндірісі кәсіпорындарының жұмысшылары вокалды нөмірлерін ұсынып, әділқазылар үздіктерді таңдап, марапаттайды. Ұйымдастырушылар «Шахтер» сэлфи аумағын орнатуды жоспарлауда.
19.00-де орталық саябақта қарағандылық бишілер мен орындаушылардың қатысуымен концерт басталады. Көрермендер алдында әнші Әли Оқапов және бішкектік «Азия Микс» КВН командасы өнер көрсетеді. «Мерей», «Әуен», «Арай» ансамбльдері де кештің көркін кіргізбек.
Ал мерекелік отшашуды қарағандылықтар 26 тамыз, жексенбі күні тамашалайды.
Сонымен қатар, Шахтинск, Абай, Саран қалаларының тұрғындары үшін де кеншілер мерекесіне арналған бағдарлама әзірленген. Бұл қалаларда 26 тамыз Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қатысуымен мерекелік шаралар өтеді. Сонымен қатар қарағандылық және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Балалар байқаулары мен мерекелік отшашу ұйымдастырылады.